ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҰРАШБЕКОВ ТҮРКІСТАНҒА БАРДЫ

17:19, 10 маусым 2021

Сондай-ақ бұған дейін Ордабасы ауданын басқарған Нұрбол Тұрашбеков Түркістан қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл сәтті тағайындау деуге толық негіз бар. Өйткені Нұрбол Әбдісаттарұлы бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде Ордабасы ауданында қыруар тірліктер атқарды.

Ауданның экономикасын жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыру  жолында аянбай еңбек етті. Тіпті, талайдан бері жыр болған ауызсу мен ағынсу және елдімекендер араына жол салу мен оларды абаттандыру  сынды     халықты талайдан  толғандырған мәселелер шешімін тапты. Жалпы бұл кезеңде аудандағы барлық салаларда өсу мен өркендеу жақсы қарқын алды.  Қорыта айтқанда, Нұрбол Тұрашбеков  Ордабасыда өзіне жүктелген үлкен жауапкершілікті зор  абыроймен атқарды деуге  болады. Ол бұған дейін жұрт Қазақстанның Швейцариясы атанып кеткен Түлкібас ауданын да  табысты басқарға болатын.  Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған. Өзіне жүктелген жұмысты абыроймен атқара білетін іскер басшы. Аз уақыт ішінде  Түлкібас пен Ордабасыны басқарса енді Рухани астананың түрленуіне өз үлесін қосатынына сенімдіміз. Ал, Рухани астананы  басқарып келген Рашит Аюпов облысы әкімінің орынбасары қызметіне кірісті. Қос лауазым иесін Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.  Екеуі де жас әрі іскер басшы екенін жұрт жақсы біледі.

 

АВТ.НАЗКЕН                                    

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар