ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ

14:33, 16 қараша 2020

Қылышын сүйретіп қыс келеді, қысылып қалмаудың қамын ойлайық! Осы мақсатта Авариялық-құтқару және коммуналдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерінің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды. Тексеру жұмыстарына қала әкімі М.Әйтенов арнайы қатысып, жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Мұрат Әйтенов – қала әкімі

Коммуналдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің құрамына 5 ұйым кіреді:«ЛТД Тұрмыс», «Югдорсервис», «Байтерек ЛБ», «Нұртас сервис», «Жасыл жер». Олардың барлығы қаланың автомобиль жолдарында жұмыс жасау үшін арналған.  Жалпы техниканың саны 210 бірлікті құрайды. Атап айтатын болсақ жоғары өтімді техника, шнекоротор, автосамосвал, автогрейдер, бульдозер.

Жәнібек Кәрімбаев - қалалық ТЖД бастығының орынбасары

Іс-шараның мақсаты – қыс мезгіліне инертті материалдарының қорын, төтенше жағдайларда  авариялық-құтқару жұмыстарына жол-пайдалану техниканың дайындығын тексеру. Арнайы техниканың жұмысқа жарамдылығымен техникалық жағдайы анықталды.

Асхат Әбдірашит–«ЛТД тұрмыс» автотранспорт бөлімінің басшысы

Дайындық көрсетілімі барысында бекітілген жол учаскелеріне қызмет көрсету мәселесі айтылды. Сондай-ақ  қыс мезгілінде қауіпті метеорологиялық құбылыстардың пайда болуына байланысты төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша сұрақтар пысықталды.

 

НазкенCкандар        

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...