ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ

13:32, 16 шілде 2021

Сайрам ауданындағы нәтижелі түрде жүріп жатқан «ауыл – ел тірегі» жобасы Көлкент ауыл округінде жалғасты. Жалпы бұл аймақта 22 мыңнан астам халық мекендейді. Мұнда да атқарылып жатқан нақты шаруалар жетерлік. Дегенмен, қарапайым халық үшін күнделікті қажетке зәру мәселелер де жоқ емес. Сол үшін мұнда осы он күн ішінде атқарылатын 30- ға жуық жоба әзірленген. Қазір бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылуда.

Көлкенттік тұрғындар үшін ең басты мәселелердің бірі – қолдағы ірі қараларын өріске шығару болатын. Яғни, падаға  шыққан мал бұған дейін Ақсу өзені бойына орналасқан стадион қоршуының жанындағы тар жолдан қиналып өтетін. Міне, он күндік  іс шаралар аясында бұл мәселе де шешіліп,  тұрғындар қуанышқа кенелуде.

МҰХТАР АТАБЕК ТІЛШІ

ӨТКІРЖАН ЮЛДАШЕВ  -КӨЛКЕНТ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Ауыл жұртының тілегіне  Ақсу өзенін жиектей онатылған темір қоршаулар  бұзылып, кері шегіндірілді.  Ендігі жерде   өріске  беттеген мал бұл арадан қиналмай өтеді әрі  жайылым да кеңейді.  Игілікті іске     ауыл тұрғындарының өздері де қазір белсене кіріскен.

БАТЫРЖАН АСАТОВ  -  АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Талай жылдардан бері үлкен мәселеге айналған шаруаның осы он күндік шараларға байланысты  оңай   шешілгеніне ауыл тұрғындары да өте қуанышты.  Сондықтан,  барлық азаматтар бұл жобаға байланысты жұмыстарға белсене атсалысуда. Өйткені, олардың бәрінің  бойларына атқарушы билікке деген үлкен сенім орнаған.

 

М. Атабек                                             

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...