ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

17:12, 21 шілде 2021

Түркістан түркі әлемінің рухани астанасы атанғалы шахарға келуші туристердің саны едәуір артқан. Ал сол қонақтардың жағдайын жасап, қауіпсіздігін қамтамассыз ету туристік полицейлердің негізгі міндеті. Құрылғанына небәрі 2 жыл болса да аталмыш сала қызметкерлері қарқынды жұмыс жүргізуде.

2019 жылы елімізде туризм саласын дамыту мақсатындатуристік полиция құрылған болатын. Бүгінде Түркістан қаласында бұл сала мамандары қонақтардың жайлы демалысы үшін тынбай еңбек етуде. Келген туристер мен қонақтарға қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер, ақпараттар беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - біздің басты міндетіміз дейді сала қызметкерлері.

Шыңғыс Ыбраев – Түркістан қаласы полиция басқармасы туристерге қызмет көрсету бөлімінің инспекторы

2019 жылы туристік полиция құрылғалы мен осында жұмыс істеп келемін. Біздің негізгі міндетіміз рухани астанаға келген қонақтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау. Қолымыздан келгенше көмек беруге тырысамыз. Қандай да болмасын сұрақтарға жауап беріп, демалыстарын ойдағыдай өткізулеріне септігіміз тиіп жатса қуанамыз. Туристік полиция тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңда ешқандай оқыс оқиғалар тіркелмген.

Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен және электр карлармен жабдықталған және олар мемлекеттік тілді, орыс ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген. Сонымен қатар қазақ елінің  тарихы жайлы келген қонақтарға әңгімелеп бере алатын,сондай-ақ тез тіл табыса білетін және жедел әрекетке әрдайым дайын жандар.

Шыңғыс Ыбраев – Түркістан қаласы полиция басқармасы туристерге қызмет көрсету бөлімінің инспекторы

Әр түрлі жағдайлар болып жатады. Мәселен жақында қаламызға келген қонақтарды тур компания ақшасын қымбат алып, жағдайы нашар қонақ үйге жатқызған. Олар бізден көмек сұрады, қолымыздан келгенше жәрдем беріп, мәселені шешіп бердік. Түрлі сұрақтармен келіп жатады адамдар. Тек шет ел қонақтары емес өз елімздің азаматтарына да көмек қолын созудан тайынбаймыз. Алдағы уақытта бөліміміз үлкейіп, бұдан да жақсы жұмыс жасайтынымызға сенімім мол.

Бұдан бөлек қала аумағында турситерге арналған «SOS» батырмасы бірнеше жерде орналасқан. Кез келген турист көмек қажет болған жағдайда батырманы басса Туристік полиция қызметкерлері лезде жандарынан табылады. Көне шахар қонақтары Түркі әлемінің астанасы бұрынғымен салыстыруға келмейтіндей дәрежеде көркейгенін айтып, Туристік полиция қызметкерлеріне көрсетіп жатқан қызметтері үшін алғыстарын білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жайлы климатты қалыптастыруда шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өткен болатын. Шетелдік туристермен жұмыс істеуде 2 жыл ішінде дағдыланып қалған қызметкерлер, алдағы уақытта бұл саланың одан әрі дами түсетініне сенімін білдірді.

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...