ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ АХУАЛ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

13:13, 10 қаңтар 2022

Түркістан облысы аумағындағы ахуал толық бақылауда. Түркістан облысының қала мен аудандары және өзге облыстар аумағы арасында блокпост қойылды. Аймақта түнгі 23.00 мен таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат енгізілген Елдімекендер арасында және облыстан шығатын жерлерде бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылған.

Өңір басшысы осы күрделі әрі қиын кезеңде сабырлық танытып, ел болашағына жауапкершілікпен қараған өңір тұрғындарына алғысын жеткізді. Қазіргі таңда басты мәселе ел тыныштығы екенін айтты.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі 

  • Түркістан қаласының халқына алғысымды айтқым келеді. Осындай қиын қыстау заманда сабырлық танытып, жылдамдық танытып, лаңкестердің сөзіне ермей. Жанында азаматтарға дұрыс үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, тыныштық сақтап қалған бірден бір облыс Түркістан облысы болып отыр.

Түркістан облысында жағдай тұрақты. Инфрақұрылым толық жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көліктер жүріп жатыр. Өңірде азық-түліктің қоры жеткілікті. Жанар-жағармай жеткізетін компаниялармен тұрақты жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда өңірде 45 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылған.  Оған полиция мен өңірде орналасқан күштік құрылымдардың өкілдері тартылған.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі 

  • Инфроқұрлым шаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қоғамдық транспорт жұмыс істеп тұр. Азық түліктен облысымызда 1,5 айға жететін қор бар. Жанар жағар май сататын мекемелермен күнделікті байланыста отырмыз. Тиісті белгіленген бағамен ол таурлар қамтамасыз етілетін болады.

Жалпы, Түркістан облысында жағдай тұрақты. Ел азаматтары, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары мен белсенді жастары ел тыныштығын сақтау бағытында бірлесе жұмыс атқарып жатыр.

 

Н.Әбдірашит                                                           

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...