ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

17:39, 22 қараша 2021

Түркістан облысы аумағында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Акция жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, апаттарды және оқыс оқиғалардың қатарын азайтуға бағытталған. Аталмыш шараға Түркістан облысы ПД-нің 900-ден астам полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары іс-шараның 10 күнінде 11615 құқық бұзушылықты анықтады. Оның 227 дерегін қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған.        Көлік басқару кезінде жылдамдықты шамадан тыс арттырғаны үшін 340 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полицейлер көлік құралын мас халде басқару бойынша 59 жайтты анықтады. Оның ішінде 1 жүргізуші қоғамдық көлікті ішімдік ішіп басқарған. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 3 жүргізуші анықталды. Ал жүргізуші куәлігі мүлдем болмаған 101 азаматтың көлік басқарғаны белгілі болды.

Спикер:  Ұлықбек Мылтықов - ТО ПД Жергілікті Полиция Қызметі басқармасының бастығы 

Одан бөлек, Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қатысушылар арасында жолда жүру қауіпсіздігі бойынша сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 4500-ге жуық жол қозғалысы ережесі жазылған ескертпе қағаздарын таратты.

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...