ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 30 МЛН АҒАШ ЕГІЛЕДІ

14:12, 5 наурыз 2021

Түркістан қаласының айналасынан 7700 гектар аумаққа жасыл белдеу құру жоспары бір жыл бұрын толығымен аяқталды. Қазірдің өзінде қала аумағында 3 миллионға жуық ағаш көшеттері отырғызылған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдаланауды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев баспасөз жиынында баяндады. Оның айтуынша тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыс аумағында 30 млн ағаш егілмек.

Облыс аумағындағы орман шаруашылығы мекемелеріне 3 млн 131 мың гектар орман қоры жерлері бекітіліп берілген. Қазіргі таңда оның ішінде орманмен көмкерілген алқабы 1 млн 630 мың гектарды құрайды. Күні бүгінге дейін 4700 га жер игеріліп, 3 миллионнға жуық ағаш көшеті отырғызылған. Ағымдағы жылдың соңына дейін  егілетін көшеттердің саны тағы 500 мыңға артпақ.

Құламетов Әбудәліп - Жасыл аймақ комуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

Ал орман екпелерін күтіп баптау, тұмбақтарды дамыту, орманның табиғи ұрпақтануына ықпал жасау шараларына 179 млн теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде Орман тұмбақтарының саны екі есеге ұлғайған. Бүгінде егілген көшеттерді күтіп-баптау, қорғау және өсімін молайту жұмыстары тұрақты жалғасын тауып келеді.

Қайрат Әбдуәлиев - Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдаланауды реттеу басқармасының басшысы

Айта кетейік, облыс аумағында 2020 жылы сұғанақтықтың алдын алу мақсатында 1076 рейдтік шаралар ұйымдастырылып, 344 заң бұзушылық фактілер анықталған. Заң бұзушыларға қатысты 2 млн 786 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 2 млн 580 мың теңгесі өндірілген. Бұндай шаралар ағымдағы жылы тұрақты түрде жалғасын табады, -дейді жауаптылар.

 

Ернұр Бөбеев   

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...