ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНІҢ ТАРАЛУЫ КҮШЕЮДЕ

17:42, 14 қаңтар 2022

Түркістан облысында жыл басынан бері 400-ден аса Covid -19 фактісі тіркелсе, соңғы тәулікте 129 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы арнайы ұйымдастырылған брифингте Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы коронавирус инфекциясының аурушаңдығы бойынша жасыл аймақта орналасқанымен тұрғындар сақтық шараларын ұстануды ұмытпағаны абзал. Түркістан облысының Бас мемлекеттік дәрігері Марат Пашимовтың мәліметінше, облыста аурушаңдықтың күнделікті тіркелуі артып, эпидемиологтарды қатты алаңдатуда. Бұл жаңа «Омикрон» штаммының айналымымен байланысты.

Марат Пашимов Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы

«Облыс аумағында ревакцинация жалғасуда. Ревакцинацияға 59 687 доза жеткізіліп, 49 783 адамға егілді. Қазір облыстағы медициналық ұйымдарда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың аса қажетті тізімі бекітіліп, 2 айлық резервтік қор қалыптастырылды. Жедел-жәрдем қызметі 122 автокөлікпен қамтамасыз етіліп, 96%-ға жаңарды. Төсек-орындар да түгел дайындалған»

Сондай-ақ Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің айтуынша енді облыс тұрғындары ірі сауда орталықтары мен көңіл көтеру орындарына тек «Ашық» қосымшасының жасыл белгісімен ғана кіре алады.Сонымен қатар вакцинаға қарамастан енді шет елден келген азаматтардың міндетті түрде теріс ПТР тесті болуы қажет. Бас санитар облыс тұрғындары мен қонақтарын адам көп шоғырланатын жерлерден тыйылып, медициналық бетперде тағып, вакцина және ревакцина қабылдауға шақырады.

Нұрбек Нышанов -Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Ескеретін жайт, «Омикрон» штаммы коронавирустық инфекцияның басқа түрлерімен салыстырғанда, 20-30 жас аралығындағы адамдардың ең белсенді тобына әсер етеді. Сондай-ақ, таралымы өте жылдам. Сондықтан тұрғындар әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперделік режимді ұмытпаған абзал.

 

Е. Бөббев

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
17:53, 27 қаңтар 2022
ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
17:51, 27 қаңтар 2022
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...