ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЛМЫС САНЫ 33,7% - ҒА АЗАЙҒАН

15:59, 8 сәуір 2021

Түркістан облысы республика көлемінде жемқорлық деңгейі төмен облыстардың алғашқы бестігінде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 33,7% - ға азайған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлімденді.

Жиында облыстық басқармалар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар баяндалды. Сондай-ақ Агенттіктің іске асырылып жатқан жобаларына, заңнамалық жаңашылдықтар жайында айтылды. Соңғы заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік органның басшысы жемқорлыққа байланысты алдын алу шарасын қабылданбаса, айыппұл салынады. Немесе мемлекеттік орган, квазимемлекеттік орган басшылары жемқорлықтан бұрын жазасы бар азаматтарды жұмысқа алса,  оған да айыппұл салынатынын еске салды.

 

Жазира Жылқышиева – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі

  • Негізгі мақсатымыз - 5 сәуірінен бастап күшіне енген әкімшілік заңнамадағы түзетулерді түсіндіру. Заңсыз кәсіпкерлікке араласу және жеке немесе заңды тұлғалар сыйақы беретін болса, ол жерде де айыппұл салынады. Осындай 15 бап бойынша уәкілеттілік берді. Жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты бірнеше тетіктер бар. Талдау, мониторинг жүргізу керек. Ұсыныс беру керек.
  •  

Өмірзақ Естайұлы жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясындағы басым бағыттарға тоқталды. Өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстардың маңыздылығына мән берді.

Өмірзақ Шөкеев - Түркістан облысының әкімі

  • Нормативтік құжаттарды тексеру, алдын ала.  Жалпы нәтижесі бар.  Барлық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатарда. Сыбайлас жемқорлықтың жалпы деңгейі 12 айдың қорытындысы бойынша, алдыңғы жылмен салыстырғанда 33,7%-ға азайып отыр.  Мұның өзі жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Сондықтан осылай жұмысты жалғастыра беру керек. Ең бірінші профилактика,  превенция - алдын алу мәселесі,  түсіндіру жұмысы. Соған көбірек көңіл бөліну керек деп ойлаймын. 

Халыққа кедергісіз қолайлы ортаны қалыптастыру және мемлекеттік қызметті көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында Түркістан облысы аумағында 67 мемлекеттік мекеме «Ореn space», 84 мемлекеттік мекеме фронт кеңсе үлгісінде жұмыс жасауда. Жоба мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға айтарлықтай серпін берді.  Ал, цифрландыру тұрмыстық жемқорлықтың көрсеткішін төмендетуде өз септігін тигізгені анық.

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...