ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН ЖАППАЙ КҮРЕС БАСТАЛДЫ

15:00, 3 маусым 2021

Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен жаппай күрес басталды. Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың басқаруымен арнайы жұмысшы топ құрылды. Әшкереленген заңсыз әрекеттердің дәлелдері жинақталады. Мобильдітоптарөңірдегіөзен арналарындағы құм мен қиыршықтасқоспасынзаңсызқазғандарғақарсыкүресашты. Заңсызжүктиелгенкөліктердіңжолыжабылып, қылмыстықісқозғалады.

Түркістан облысы аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаға аса ірі көлемде залал келтіріп жатқан қылмыстық топтардың әрекетін әшкерелеу мәселесі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жалпы 110 келісімшарт және 38 лицензия берілген. Бүгіннен бастап лицензия беруге мараторий жарияланды. «Заңсыз жер қойнауын пайдалану көбейіп кетті. Әсересе өзендердің бойындағы тас, құм қазғандардың жолын кесіп, қызметіне тосқауыл қою керек.Тәртіп орнатпай, тынбаймын»,-деді облыс әкімі. 
Өмірзақ Шөкеев - Түркістан облысының әкімі

Құм, тас карьерінің кесірінен өзендер сарқылып, ауылдар сусыз қалып, көпірлер мен жолдар жарамсыз күйге түсуде. Жер қыртысы бүлініп, таудағы бұлақтар тартылып жатыр. Кең таралған пайдалы қазбалардан шағалтас, кұм, топырақ, гипс, ас тұзы, әктас секілді пайдалы қазбалары өндіріледі. Құрылыс нысандарының шоғырланған аумағы мен пайдалы қазбалар қорыларының орналасқан орнын ескере отырып, рұқсат құжаттары негізінен Кентау қаласы және Сайрам, Ордабасы аудандары аумақтарына рәсімделген. Заңсыз қызметке тосқауыл қою жолдары талқыланған жиында облыс әкімі құзырлы орган басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. 
Ұлан Тәжібаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Серік Әбдиев, Түркістан облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры

Айта кетейік, осы уақытқа дейін экологтар тексеріп, заң бұзушылыққа барғандарға айыппұл салумен шектелген. Отырыста облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Серік Әбдиев жер қойнауын пайдалануды жоюдың бір жолы ретінде қылмысы қайталанғандардың мүлкін заңды  түрде тәркілеуді ұсынды.  Биылдың өзінде 8 қылмыстық құрамы бар жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілері анықталып, 1,827 млрд.тг. көлемдегі қоршаған ортаға келтірілген залалды сотпен мәжбүрлеп өндірілуде.

 

Назкен Скандар                                                                                                                        

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...