ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ЖҰРТЫ ҚАЗА ТАПҚАН КУРСАНТ ДӘУЛЕТ ЖҰПАРБЕКОВПЕН ҚОШТАСТЫ

13:28, 11 қаңтар 2022

Түркістан жұртшылығы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті академиясының курсанты Дәулет Жұпарбековті құрметпен ақтық сапарға шығарып салды. 19 жасар Дәулет Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер қолынан қаза тапқан еді. Батырдың мүрдесі туған жеріне жеткізіліп, жер қойнауына тапсырылды.

 

Қыршын кеткен жас сарбаз... Бүлікшілерге қасқайып қарсы тұрған қайсар мінез... Артында еңіреп қалған бір қауым ел. Ата-ана мен бауырлар. Бұл көрініс Алматыдағы террористік шабуыл кезінде ел үшін шейіт болған әрбір батырдың отбасында болып жатқан жәйт.

Отан алдындағы борышына адал болып, ел тұтастығын сақтау жолында ерлікпен қаза тапқан жас ұлан Жұпарбеков Дәулет Бауыржанұлының денесі өзінің туған жері – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына жеткізіліп, Түркістан жұртшылығы оны ақтық сапарға шығарып салды. Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев пен ел ағалары, әскери сала басшылары мен өкілдері, жергілікті тұрғындар марқұмның отбасына көңіл айтты. «Халық қаһарманы» Бақытжан Ертаев бұл қайғы бір ғана отбасы емес, халықтың қайғысы екенін жеткізді.

Бақытжан Ертаев – Халық қаһарманы

Дәулет Жұпарбеков 2002 жылы 1 желтоқсанда Сарыағаш қаласында дүниеге келген. Толыбай батыр атындағы жалпы орта мектебін бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясына оқуға түскен болатын. Отбасындағы екінші перзент. Марқұмның соңында арда азаматтан қапияда көз жазып қалған ата-анасы, әпкесі және 2 інісі қалды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін еліміздің бірқатар азаматтарын мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысына сәйкес, Дәулет Жұпарбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды. 

 

Перизат Ортай

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...