ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА 60 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

17:05, 21 шілде 2021

Түркістан қаласында 60 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылған. Оның 34 мыңнан астамы жалдамалы қызметрелер болса, қалғаны өз-өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтар. Бүгінде еңбекке қабілетті халыққа екі қолға бір күрек беру үшін Үкімет тарапынан бірнеше бағдарламалар қарастырылып отыр. Бұл қолдауларды көне шаһар жұртшылығы да тиімді падалануда. Бірі тұрақты жұмысқа орналасып, ендібірі өз ісін бастаған.

Талшын Сүйінбаева сүйікті ісінен нәпақа тауып отыр. Тігіске жан бітіретін кейіпкеріміз мемлекеттік бағдарламалардың арқасында кәсібін дөңгелеткен. Бірер жыл бұрын «Өрлеу» бағдарламасына қатысып, қаржылай көмек қалыпты. Ал былтыр 500 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты жеңіп алған. Қайтарымсыз қаражатқа тігін машинасын сатып алып, жұмыс күшін де көбейтті. Еңбекке еп-септі сіңлілерімен бірігіп, түрлі көрпе-көрпеше, төсек жабдықтарын сатуда. Он саусақтарынан өнері тамған қыз-келіншектердің қолынан шыққан оюлы бұйымдар көздің жауын алады. Тауарларын Инстаграммдағы жеке парақшалары арқылы саудалайды. Айтуларынша, тапсырыстар карантин қызған тұста да тоқтамаған.  Көбіне қыз жасауын жасайды екен. 4 адамды жұмыспен қамтып отырған ісмер келіншек  алдағы уақытта цехын кеңейтіп, жұмыс күшін арттыруды көздеп отыр.

Талшын Сүйінбаева, жеке кәсіпкер 2883 00-30     «Сіңлімді жұмысқа алдым, екеуміз шығаамыз осы көрпе-көрпешелердің барлығын...»

Ал Гүлнұр Ерденқұлова күн сайын бой түзеп келе жатқан көне шаһардың көркейуіе үлесін қосып жүр. Мамандығы – мұғалім. Отбасылық жағдайларға байланысты кезінде жұмыс орнынан айрылған кейіпкеріміз орталық арқылы қазір әлеуметтік жұмыс орнына орналасыпты.  Қара жұмыстан қашпайтын келіншек  қала әкімдігінің алдында жайқалып тұрған мына гүлдер мен жасыл желекті баптайды. Жалақысы да жаман емес.

Гүлнұр Ерденқұлова, түркістан қаласының тұрғыны   3071 00/50 -13  «110 мың жалақым бар...»

Бүгінде тәжірибесіз жас мамандардың екі қолға бір күрек табуы қиын. Осыны ескерген Үкімет «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын қолға алып отыр. Бұл бағыт бойынша бүгінде Түркістанда 200-ден астам тұрғын жұмысқа орналасыпты. Солардың бірі -  Ғалия Жамалбек. Ол жұмыспен қамту орталығында бағдарламашы болып жұмыс істейді. Еңбекке араласа бастаған жас қыз бірер ай ішінде ең бастысы ұжыммен жұмыс істеуді үйрендім дейді.

Ғалия Жамалбек , жас маман «Орталықпен 6 айға келісім шарт жасалды... »

Қалада бүгінде «Еңбек» бағдарламасының орындалуы ойдағыдай. Жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4 мыңға тарта адам тартылған. Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 800-ден асып жығылады.  132 адам жаңа бизнес жоба үшін грант алып, 200-ге жуығы «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіп түрлеріне машықтаған. Бұдан бөлек 233 адам жастар практикасына, 100 шақтысы әлеуметтік жұмыс орындарына 1 жарым мыңға жуық адам қоғамдық жұмыстарға тартылыпты.  

Ақмарал Жулаева, Түркістан қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры

Түркістан қаласында жыл соңына дейін жұмыспен қамту жол картасы аясында 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Айта кетейік, бүгінде көне шаһар тұрғындарының саны 181 мың 331 мың адамды құрап отыр. Оның 63 мыңға жуығы еңбекке қабілеттілер санатында.  Қала бойынша 2 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Күннен күнге ажарланып келе жатқан аймақтың жаңа орталығында азаматтарды жұмысқа тарту шараларына басымдық беріліп отыр. Себебі, экономикалық белсенді халықтың арқасында ғана шаһар өркендеп дамып, әлеуметтің әлеуеті арта түспек. 

 

М.Рысбаева  

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...