ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА БАСПАНАҒА СҰРАНЫС АРТТЫ

18:29, 16 қазан 2020

Карантин режиміне қарамастан облыс орталығында құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ. Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көріп шыққан облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев ең алдымен тұрғын үйлердің сапасына мән берді. Құрылысты дер кезінде аяқтауды міндеттеді.

Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы 3 мыңға жуық пәтерлі 7 қабатты 24 тұрғын үйдің 22-ің құрылысын аяқтауы қараша айына жоспарланған. Бұған қоса, 12 қабатты 45 тұрғын үйдің қабырғасы көтерілуде. Бұл үйлерді пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған. Түркістандықтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін ипотекалық тұрғын үйлердің қатары артпақ. Құрылысы қарқын алған әлемде теңдесі жоқ «Керуен Сарай» туристік кешенінде Шығыс базары, этникалық үлгідегі мейрамханалар мен қонақ үйлер салынуда. Көпсалалы сарайда көне шығыс театры, ұлттық дәмханалар, жасанды көлдер, саябақтар салу жоспарда. Шеберлер көшесінде кәдесыйлар сататын шеберханалар сап түзейді.Түркістан қаласының орталығындағы «Желілік саябақ», «Аттракциондар саябағы», «Оқушылар сарайы», «Конгресс орталығы», «Жабық бассейні бар спорт сарайы», «Орталық стадион» және «Қ.А.Ясауи мұражайы», «Драматеатр» ғимараттары биыл ел игілігіне берілетін болады. Бұдан өзге, облыс орталығындағы рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
 Ә. Дәулетбекқызы                                                          

 

Тақырып бойынша материалдар

НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ  ЖҮРГІЗІЛДІ
17:45, 17 маусым 2021
НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІ...
Толығырақ...
«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ ӨТУДЕ
17:44, 17 маусым 2021
«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨКПЕСІНІҢ 98 ПАЙЫЗЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ АУРУХАНАДАН    ШЫҚТЫ
17:15, 11 маусым 2021
ӨКПЕСІНІҢ 98 ПАЙЫЗЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ АУРУХАНАДАН ШЫ...
Толығырақ...
ТАУАРДЫҢ КЕДЕНДІК ҚҰНЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?
17:16, 11 маусым 2021
ТАУАРДЫҢ КЕДЕНДІК ҚҰНЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?
Толығырақ...