ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

12:37, 22 қараша 2021

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды. Аталмыш мекеме еліміздің барлық өңірлік орталығы мен республикалық маңызы бар қалаларда ашылатын 17 орталықтың алғашқысы болды. Бастама Азия Даму Банкінің (АДБ) қаражаты есебінен қаржыландырылады және оны Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асырады. Тақырыпты толығырақ әріптесім Ернұр Бөбеев тарқатады.

Түркістан төрінен ашылған орталық кәсіпкер әйелдерді қаржылай емес қолдау алаңына айналмақ. Онда оларға стартаптарды іске қосу, жұмыс істеп тұрған бизнесті одан әрі кеңейту және дамыту үшін бірқатар қызмет көрсетіледі, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен нетворкинг-іс-шараларға қатыса алады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ләззат Рамазанованың айтуынша, орталық – әйелдерге өз мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесетін өте маңызды бастама.

Ләззат Рамазанова – ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы

Ұлттық статистика деректері бойынша Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 42,3%-ды құрайды. Олардың көпшілігі – осы саладағы жұмыс орындарының 31,4%-ын қамтамасыз ететін шағын және орта бизнес. Бұл ретте, әйелдер бизнесі басым салалар негізінен табыстылықтың орташа деңгейімен сипатталады.

Әлішер Әбдіқадыров -ҚР Ұлттық экономика вице-министрі

Орталықтар әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, оқыту, кооперация және қажетті құзыреттерді қалыптастыру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыруға, сондай-ақ бизнесті қолдау бағдарламалары аясында жеңілдікті кредиттер мен гранттар беруге, әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, әйелдер мен олардың ұйымдары өндірген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу нарықтарын дамытуға ықпал ететін болады.

Арман Жетпісбаев – Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары

Олжас Ордабаев - «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары

Айта кетейік, 2021 жылы орталықтар Алматы және Маңғыстау облыстарында ашылады. 2022 жылы еліміздің барлық өңірінде ашу жоспарланып отыр.Еске салайық, дүние жүзінде бизнеспен айналысатын әйелдерді қолдау мақсатында 19 қараша күні әйелдер кәсіпкерлігі күні аталып өтеді.

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...