ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН

16:34, 17 қыркүйек 2021

2018-ші жылға дейін Түркістан қаласы сағатына 25 Мың кВт(киловат) электр энергиясын тұтынып келген. Көне шаһар облыс орталығына айналғалы бері қаланың сұранысы 55-60 мың кВт өсіп отыр. Осыған байланысты «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өз қаражаты есебінен инвестициялық бағдарламасы аясында жаңа қосалқы станцияларын іске қосып, жоғары және төменгі кернеулі желілер тартылған. Бұл туралы компания өкілдері арнайы ұйымдастырылған пресс-тур шарасы аясында айтып берді.

Бұл нысан "Яссы" 110/10 -10 кВ жабық типтегі қосалқы станция. Түркістан қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығымен, мәдени іскерлік орталығындағы бой көтерген ғимараттарды сапалы электр қуатымен қамтуға бағытталған нысанда әрқайсының қуаттылығы 40 мың кВА(киловольт ампер) құрайтын екі трансформатор орнатылған. 110 кВ(киловольт) Элегаздық оқшаулағыш комплектілі қондырғысы қойылған. КРУ -10кВ вакуумды ажыратқышы бар комплектілі реттегіш қондырғымен жабдықталған. Онда 60 ұяшық, тұтынушылар үшін 42 ұяшық қарастырылған.

Бағлан Мырзахметов - "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС станция жетекшісі

Қосалқы  станциялармен қатар қала ішіндегі трансформаторлар да жаңғыртылуда. Қуат ауыртпалығы артқан трансформаторлар мен электр шкафтары ауысуда. Нәтижесінде тұтынушыларға жеткізілетін қуат сапасы артқан. Қысқы маусымда қуат көзінде ауыртпалық болмайды -дейді мамандар. Оған қоса техникалық шығын жойылып, қосымша қуат көзі пайда болады. 

Ғани Қойшиев -"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС қарасты  Түркістан қалалық электр желісі бөлімінің басшысы 

Электр жүйесінің жаңғыруы арқылы Түркістанда бой тіктеген жаңа ғимараттар сапалы энергиямен қамтылған. Бүгінгі таңда ескі шаһардағы желіні жаңғырту жұмыстары да  жүйелі. Күн санап өсіп, қарыштап дамыған облыс орталығын сапалы электр энергиясымен қамту ісі қызып тұр. Бұл міндетті  "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС -гі өз инвестициялық бағдарламасын есебінен жүргізуде.

 

К.Дүйсенбі                                        

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
15:49, 26 қазан 2021
ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ...
Толығырақ...
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
15:48, 26 қазан 2021
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15:47, 26 қазан 2021
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
12:24, 25 қазан 2021
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...