ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

13:45, 9 маусым 2021

Жаңарған Түркістанды көрдіңіз бе? Түрленіп, тотыдайын таранған шаһардың ажарына тамсанып, бағасын бердіңіз бе? Еліміздің астанасынан кйеін бой көтерген жаңа қала елдің зор мүмкіндігінің тағы бір дәлелі. Тұран даласы бір қазақтың ғана емес, мұқым түркі жұртының рухани астанасы болып жарияланды. Киелі шаһарда өзгесін айтпағанда бір ғана тұрғынүй салу бойынша құрылыс қарқынды. Жыл соңына дейін 5 мыңнан астам тұрғын қоныс тойын тойламақ.

Осыдан үш жыл бұрын Елба­сы Жарлығымен Түркістан қала­сының облыс орталығына айналуы Түркі әлеміндегі тарихи оқиға болды. Бұл ше­шім шежірелі шаһардың дамуына тың серпін берді. Бұрын аудан орталығы болып келген шағын шаһар қазір мәдени орталықтары көз тартатын жасыл желекті, көрікті қалаға айналды. Бұл әлбетте, әуелі құрылыс қарқынын арттырды.

Алмас Байжанов – Түркістан қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі

4 тұрғынүй 300 пәтер кредиттік негізде сатылды. 12 қабатты 45 үйдің қабырғалары көтеріліп, ішкі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр...

жүріп жатыр. Бұл үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 6 категория бойынша беріледі. Мердігер компания өкілдері ең әуелі сапаға баса назар аударған.Нысанның сейсмикалық жағынан мықты, сәулеттік тұрғыда көзтартарлық болуына ерекше мән беруде.

Фатих Караташ – «INTER – CONSTRUCTION» компаниясы директорының орынбасары

Біз Қазақстан нарығында 15 жылдан бері құрылыс саласында жұмыс істеп келеміз. Құрылыс сапасына 5 жыл кепілдік бар. Қазір біз Түркістан халқына 6 бірдей үйді салып берудеміз. Олардың сапасына еш күмән болмасын. Өйткені, біздің мақсатымыз күллі түркі жұртына рухани астана болған қасиетті шаһарда өз қолтаңбамызды қалдырғымыз келеді. Бұйыртса, құрылысты жыл соңына дейін айяқтамыз деп жоспарлап отырмыз.

Түрік компаниясы еуропалық стандарттарды негізге ала отырып, 6 үйдің құрылысын жүргізіп жатыр. Олардың айтуынша, құрылыс материалдарының 90 пайызы отандық өнім. Ал, үй салуға жергілікті тұрғындарды тартқан. Осы арқылы аймақта жұмыссыздық деңгейі төмендеп отыр.

Мұратбек Есімов – техникалық қауіпсіздік инженері

Осында жұмыс ітеп жатқан жұмысшылардың  90 пайызы жергілікті тұрғындар. Тіпті, олардың тұратын  жері алыста болса, жатын орынмен қамтассыз етеді. Айлық-жалақымыз тұрақты... 

Жалпы облыс орталығында 103 құрылыс обьектісі бар. Тұрғынүйден бөлек, 16 инженерлік-инфрақұрылым жүйелері және 6 саябақтың құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысандардың жұмысы жыл соңына дейін аяқталмақ.

 

Г. Қалмырзақызы                                      

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...