ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

14:17, 30 қараша 2021

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара аясында тәуелсіздік жетістіктері мен Елбасы жолын дәріптейтін кітаптар, деректі фильм және қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Салтанатты жиынға қатысушыларды қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков мерекемен құттықтады.

Ел Тұңғыш Президентіне сенді, соңынан ерді. Ел сенімін ақтаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, нәтижесінде тәуелсіздіктің баянды, егемендіктің еңселі болуына халықты жұмылдыра білді. Киелі мекен – Түркістанымыздың облыс орталығы атанып, жаңа серпінмен дамуы да Елбасының идеясынан туындағанын ел біледі, – деді ол.

Нұрбол Тұрашбеков-Түркістан қаласының әкімі

Мағжан Нұрмаханбетов -Түркістан қаласы ТЖБ аға инженері болып жұмыс істейді. Жұмыс өтілі үш жыл. Мереке қарсаңында еселі еңбегі еленіп отыр.

Мағжан Нұрмаханбетов -Түркістан қаласы ТЖБ аға инженері

Жиында шаһар басшысы Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырудағы үлесі үшін түркістандықтарға шынайы ризашылығын білдіріп, барлық үздіктерді Алғыс хатпен марапаттады. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Нүркен Жалбиев                               

 

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
17:53, 27 қаңтар 2022
ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
17:51, 27 қаңтар 2022
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...