ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ

16:46, 22 қазан 2021

Түркістан қаласында 1-қазаннан бастап жүрек қан тамырлары ауруларына ота жасалуда. Көне шахарда айтулы қызметті алғаш көрсетіп жатқандардың бірі - «Талғат» клиникасы ғимаратында орналасқан «Asia Med Clinic» кардиоорталығы. Мекеме дәрігерлері 2 апта ішінде 30-ға жуық науқасқа операция жасаған. Орталықтың бөлім меңгерушісі, интервенционды кардиолог Елтай Артықбаевтың айтуынша, барлық ота сәтті шыққан.

Түркістан қаласында тұңғыш жүрекке ота жасайтын орталықтың ашылғаны оңтүстік жұртшылығын қуантты. Жаңа ашылған кардиоорталықтың дәрігерлері талай жанның дертіне шипа табу үшін тер төгуде. Барлық ота жолдама (портал) арқылы жасалынады. Яғни азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырлған болса, онда стационарлық  деңгейдегі  отаны ақысыз жасатуына мүмкіндігі бар, дейді мамандар.

Лаура Сапарбекова - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілі

Жалпы орталықта Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалаларынан келген 15 медицина маманы жұмыс істеуде. Ал, кардиология саласында 6 жылдық тәжірибесі бар дәрігер Елтай Ертайұлы Алматы қаласында жұмыс жасаған. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің түлегі. Туған жерді түлетуге келген дәрігер сұхбат барысында Түркістан облысының тұрғындарына қызмет көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Елтай Артықбаевтың - «Asia Med Clinic» бөлім меңгерушісі, кордиолог

Сарығаш қаласынан келген Ұпаркүл Кеншімбаева болса бұл орталық жайлы жақында естіп, жолдама алып ота жасатқан. 68 жастағы әйел жүрегінің бұрыннан ауыратындығын айтты. Ал жүрегінде тромб бар екенін осында келіп білген. Емделуші бүгінгі жағдайы жақсы екенін жеткізді. Алдағы уақытта дәрігердің қарауында болады.

Ұпаркүл Кеншімбаева - емделуші

Айта кетейік , жүрек ырғағы бұзылыстары ауруларына шалдыққан науқастар үшін тегін қызмет көрсететін кардиологиялық орталық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Мәселен, SIEMENS ангиограф аппараты Германиядан арнайы сатып алынған. Құны 300 млн. теңгені құрайтын медициналық аппарат миокардия инфаркт, жүрек қан тамырлары ауруларына ота жасауға таптырмас құрылғы.

 

Е. Бөббев 

Тақырып бойынша материалдар

«ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ» - БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ»
14:14, 30 қараша 2021
«ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ» - БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ»
Толығырақ...
ҰҚШҰ  ПАРЛАМЕНТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ
14:13, 30 қараша 2021
ҰҚШҰ ПАРЛАМЕНТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кыргызстану из-за ситуации в Афганистане
20:53, 25 қараша 2021
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кы...
Толығырақ...
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОДАТЕЛЯ
17:57, 25 қараша 2021
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОД...
Толығырақ...