ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА ТЫНДЫРЫЛҒАН ТІРЛІК КӨП

13:31, 5 қаңтар 2022

Түркістанда 2021 жылы 700-ге жуық отбасы баспаналы болды. Жасылдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Бір жылдың өзінде 2 млндай түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Қаланы сәулетті һәм өндірістік шаһарға айналдыру бағытындағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Бабалар рухы байыз тапқан шаһардың осы жылдағы жетістігімен алдағы даму қарқыны жайлы тілші тарқатады.

Бүгінде Түркістанды өнеркәсіптік шаһарға айналдыру бағытындағы жұмыстар қолға алынуда. Нақты мәлметке сүйенетін болсақ, алдағы уақытта «Turkistan» еркін экономикалық аймағында металл конструкцияларын шығаратын зауыт бой көтереді. Жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын кәсіпорын іске қосылса, еліміздің импортқа тәуелділігін азайтып, отандық өнімнің үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны «ГАС-V» ЖШС-і 2022 жылы қазан айында толық жүзеге асырырып іске қосады. Өндіріс аумағы 2,8 гектарды құрайтын зауытта 50-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

. Өмірзақ Шөкеев- Түркістан Облысының Әкімі

Бұл оқиға – Тәуелсіздіктің және рухани жаңғырудың ең бағалы жеңістерінің бірегейі еді. Түркістан қаласы аз ғана уақытта күллі Түркі дүниесіне танылып, түркілер төріне айналды. Түркітілдес мемлекеттер басшыларының бейресми Саммитінде Түркістан Түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы деп жарияланды

Түркістан өндірісі қанша жерден өркендесе де қазақ үшін рухани шаһар болып қала берері сөзсіз. Сондықтан қалада қазір Қожа Ахмет Ясауи музейінің тұжырымдамасы жасалып жатыр. Оған түркістандық белгілі ғалымдар мен яссауитанушылар атсалысуда. Ол рухани орталық Түркістанның ең  маңызды әрі туристер жиі келетін орнына айналуы тиіс. Заман талабына сай салынып жатқан орталыққа Қожа Ахмет Ясауидің тарихи болмысын, өмірі мен ілімін жаһанға өз деңгейінде танытып, ғұламаның терең зерттелген рухани мұраларын қою мақсаты көзделген. Жаңа музейдің қоры жасақталып, Ясауи мұралары мен шет мемлекеттердегі шәкірттерінің еңбектері, көне қолжазбалар мен тарихи жәдігерлер жинақталып жатыр. Ұлы тұлғаға арналған музейдің аумағы – 3200 шаршы метр.

Ал, жұртшылық асыға күтіп жүрген баспаналар, Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы орналасқан. Онда қазір 14 көпқабатты тұрғын үйдің 763 пәтері «Отбасы банк» АҚ арқылы және 3 тұрғын үйдің 151 пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы   кредиттік жүйемен сатылымға қойылды. Одан бөлек, 610 пәтер Түркістан қаласындағы тұрғын үйге мұқтаж отбасылар тізіміне тіркелген көпбалалы және әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға кезек ретімен берілуде.  Ол үшін облыс орталығында бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нұрбол Тұрашбеков - Түркістан қаласының әкімі

Өңірді толықтай абаттандыру бағытында облыста «Ауыл – Ел бесігі» жобасы жүзеге асып жатыр. Ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған жоба бойынша Түркістан облысының 86 ауылдық елді мекенінде 316 жоба іске асырылуда. Ол үшін Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттерден жалпы 16,3 млрд. теңге бөлінген. Жобаларды іске асыру барысында 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...