ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ

13:13, 7 маусым 2021

Түркістанда вакцинациялау ісі қарқынды. 230 мыңға жуық тұрғыны бар киелі шаһарда күн сайын 500-600 адамға екпе егіліп жатыр. Қазір шаһардағы емханаларда екпенің үш түрі «Каз-вак», «Спитник-В» және «Хаят-вак» дәрілері жеткілікті мөлшерде. Тұран даласына атақазық болған қаладағы эпид ахуалды тілшіміз көріп келді.

Қала тұрғыны Сәуле Бекеева осыдан 21 күн бұрын «Хаят Вак» вакцинасын ектірді. Бүгін екпенің екінші компонентін алуға келді. Дәрігерлер әуелі Сәуленің денсаулығын мұқият тексерді. Қан қысымы мен жүрек соғысын анықтап, ағзасындағы өзерістерді ескерді. Екпе ектіруге ешқандай жанама әсерлері жоқ. Демек, бәрі қалыпты деген сөз.

Сәуле Бекеева  - Түркістан қаласының тұрғыны

Жалпы киелі шаһарда 14 390 азаматқа вакцина салынды. Бұл Түркістан халықының 15 пайызы. «Әсіресе, құқық қорғау қызметкерлері, педагогтар және денсаулық саласының мамандары екпе ектіруде белсенді»,- дейді эпид дәрігерлер.

Айсұлу Сейілхан – «Талғат» клиникасының эпид дәрігері

Ал, ел арасында екпе туралы түрлі алып-қашпа әңгімелер өріп жүр. «Тіпті,вакцина салған жерге магнит жабысады, бұл чип»,- дегендер де кездесті. Мұндай қауесеттерге сенбеуге шақырады, профисиионал дәрігерлер.

Райымбек Тасырбаев – Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері

Киелі шаһарда екпе егу ісіне 10 медициналық ұйым жұмылдырылған. Тіпті, туристік орталыққа айналған аймақта жергілікті тұрғындардан бөлек, сырттан келген қонақтарға да вакцина салынып жатыр. Ал, пандемия басталғалы тарихи шаһарда 982 азамат короновирустық инфекция жұқтырған. 1 жүкті әйел тәж тажалының тырнағынан босай алмаған күйі көз жұмды. «Сондықтан, аурудың алдын алудың жалғыз жолы-екпе ектіруге салғырт қарамаған жөн»,- дейді дәрігерлер. 

 

Г. Қалмырзақызы                                      

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...