ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ЕУРООДАҚ ЕЛШІЛЕРІНЕ ҮЛКЕН ӘСЕР ҚАЛДЫРДЫ

15:06, 6 наурыз 2020

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірге жұмыс сапарымен арнайы келген Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер Елшілерімен кездесті. Басқосуда ынтымақтастық бағыттары талқыланып, қарым-қатынасты нығайту жайлы ұсыныстар ортаға салынды. Өнеркәсіп, энергетика, инвестиция, туризм, экология мен су шаруашылығы салалары бойынша мәселелер талқыланды. Түркістан облысының таңғажайып табиғаты мен терең тарихына қаныққан қонақтар облыстың экономикалық және туристік әлеуетімен таныс болғанын атап өтті.

Германия, Хорватия, Словакия, Чехия, Австрия, Румыния, Финляндия елдерінің Қазақстандағы Елшілері сапар барысында еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы Түркістан қаласын, XV ғасырда Қ.А.Ясауиге арнап тұрғызылған кесенесін аралап, ғажайып «Тайқазан» мен ел тарихымен танысып, ерекше әсер алғандарын айтты. Өмірзақ Естайұлы күллі түркі халықтарына ортақ, «Екінші Мекке» атанған қасиетті өңірдің тарихы туралы, әйгілі Әл-Фараби ғұламаның рухани еңбектері мен Ислам дінін таратушы философ Қожа Ахмет Ясауи жайлы, Әмір Темірдің пәрменімен салынған Арыстан бап, Ясауи кесенесі жайлы жан-жақты тоқталды. Кездесу соңында екі жақ сыйлық алмасты.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...