ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ «ТОМИРИС-ТҰРАН» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДА ОЙНАЙДЫ

16:58, 13 қазан 2021

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының қортынды туры өтті. Түркістандағы «Түркістан-Арена» стадионында жергілікті «Томирис-Тұран» командасы мен Шымкенттің «БИІК-Шымкент» клубы кездесті. Чемпионат аяқталмай тұрып ел чемпионы атанып үлгерген шымкенттік клубқа қарсы түркістандық арулар лайықты қарсылас бола білді.

Түркістандағы жаңа стадионда өткен бәсеке тартысты әрі қызықты өтті. Жасыл алаңда жасындай жарқыраған еліміздің қос команда қыздарының шеберлігі жанкүйерлердің оң бағасын алды. Алма-кезек шабуылмен өткен кездесу 2:3 есебімен аяқталды. Қонақтар жеңіске жетті. Дегенмен бұл нәтижеге қарамастан қос клуб та бірінші және екінші орындарды еншілеп қойған болатын. Биыл жаңадан құрылған Түркістан облысының «Томирис-Тұран» әйелдер командасы ел чемпионатына қатыса сала жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Ал Еуропада атой салып жүрген «БИІК-Шымкент» чемпиондық атағын қорғап қалды. Тағы бір айта кетерлігі, Түркістанның футболшы қызы Әйгерім Айтымова осы футбол маусымындағы үздік голдың авторы атанды. Ел біріншілігінде қарсылас шыдатпай жүрген қос команда 2022 жылы футболдан әйелдер арасында УЕФА Чемпиондар лигасында Қазақстанның намысын қорғайды. «Томирис-Тұранның» бұл табысының өзі мақтауға тұрарлық. Қазақ футболында жаңа команда пайда болғаны, үздіктер қатарынан табылғаны ел спортына оң серпін береді.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
15:49, 26 қазан 2021
ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ...
Толығырақ...
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
15:48, 26 қазан 2021
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15:47, 26 қазан 2021
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
12:24, 25 қазан 2021
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...