ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАННАН 45 ТҰРҒЫН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНДЫ

13:36, 5 мамыр 2021

"Еңбек" бағдарламасын ұйымдастыру, насихат жұмыстары жанданды. Аталған бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде Түркістан облысы, Сайрам ауданынан Солтүстік өңірге қоныс аударуға ниет білдірген 45 отбасы мүшелері Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында жолға шықты. Олар екі облыстағы жағдайды жан-жақты сараптайды. Егер ұсыныс ұнаса, тұрғындар солтүстікке көшуі мүмкін.

Солтүстік облыстарға көші-қон бағдарламасы басталған 5 жылдың ішінде 20 мыңға жуық адам көшіп барған. Оның 6 мыңы, яғни 1700 отбасы  – Түркістан облысының тұрғындары. Сәуір айының басында Үкімет отырысында  Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылға дейін даму бағдарламасы қабылданды. Енді бұл аймаққа жалпы көлемі 2 трлн. теңге инвестиция салынбақ. Солтүстік өңірлерге қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан жасалатын қолдаулар туралы ақпаратты аудандық жұмыспен қамту орталықтарынан алуға болады.

Бейсен Тәжібаев – «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

2016 жылы басталған бұл бағдарламаға бастапқыда ниеттілер аз болды. Өткен 5 жыл уақытта қоныс аударушылар қатары артып келеді. Себебі, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да артып жатыр. Мәселен, бұған дейін адам басына қоныс аударушыға төленетін төлем 100 мың теңгені құраса, қазір 200 мыңнан асады. Отбасында 5 адам болса, кішкентай балаға дейін төленіп, 1 миллион теңге алуға болады.

 

Перизат Ортай

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...