ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАННЫҢ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ӨЗБЕКСТАН ҒАЛЫМДАРЫ АТСАЛЫСАДЫ

15:08, 14 қыркүйек 2021

Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы арасында орман шаруашылығын дамыту, бірлесе өркендету бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Орман шаруашылығы саласындағы өңірдің жетістіктерімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында келген Өзбекстан Республикасы мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі басшылығының делегациясы Түркістан өңірінде атқарылған жұмыстармен танысып, оң баға берді. Жергілікті экологияны жақсарту жолында жасалып жатқан жұмыстар мен «Жасыл белдеу» жобасын жоғары бағалады.

Тараптар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілген экологиялық ахуалды жақсарту үшін мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 млрд әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызу туралы тапсырмасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Кешенді жоспар аясында Түркістан облысы бойынша 5 жылда 110 мыңнан астам гектар жерге 170 млн. ағаш көшеттерін отырғызу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен 2019 жылы Түркістан қаласының айналасынан 7700 гектар жерге «Жасыл белдеу» құрылып, 12 млн.-ға жуық жапыоақты ағаш көшеттері егілген. Бүгінде оның аумағы екі еке ұлғайған.

ЕРЛАН ҚҰТПАНБАЕВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Егілген көшеттерге тұрақты түрде күтіп баптау жұмыстары жүргізілуінің нәтижесінде көшеттердің көнімділігі 60-65 пайызды құрап отыр. Түркістан қаласы аумағының топырақтық-климаттық жағдайының қатаңдығына қарай, Өзбекстан ғалымдары ағаштардың көнімділігі 50 пайызды құраса – ерлік деп отыр. Оған топырақ құрамының сорлануы, құнарлығының төмендігі себеп. 

ЗИНОВИЙ НОВИЦКИЙ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЗЕРТХАНА ЖЕТЕКШІСІ. «Табиғи жағдайларды есепке алу керек. Егілген көшеттің 100 пайызы көгеріп, көктегені болған емес, ол мүмкін емес те. Ғылыми дәлелденген дүние бар. Оған сәйкес, отырғызылған ағаштың 50-55 % жерсінсе, жақсы. Бұл жақсы көрсеткіш. Оған жету үшін де тынымсыз еңбек керек. Біздің елдегі климат та ұқсас. Нәтижелері де осындай. Дәл сіздердің ауа-райы жағдайын есепке алсақ, қазіргі еңбек – нағыз ерлік»,-деді

Облыс әкімдігінің қолдауымен орман шаруашылығына қажетті барлығы 69 бірлік, оның ішінде 34 трактор, 9 автокөлік, 26 тіркеме алу жоспарланып, бүгінгі күнге 21 трактор мен 15 тіркеме алынды.

 

АВТ. ПЕРИЗАТ.                            

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...