ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАННЫҢ ТҮРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

12:53, 10 маусым 2021

Түркістан – рухани һәм туристік орталық. Шежірелі шаһардың жаңарған, жасарған келбетін көріп, тамашалауға Қазақстанның әр қиыры тіпті, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылуда. Күн сайын тарихи мекен топырағына 300-500 турист келеді. Ал, демалыс күндері мыңға жуық қонақ табан тірейді.

Түркі әлемінің бесігіне айналған Түркістан күн санап, көркейіп келеді. Әйгілі сәулеттанушылардың еңбегімен шығыс стилінде бой көтерген зәулім сарайлар туристтердің көзайымына айналды. Сырттан келген қонақтың ең әуелі тұрақтайтын орны – қаланың қақ ортасына жайғасқан сапар орталығы. Мұнда тұран даласының текті төрі картадан анық көрінеді. Мақсатымыз туристерді таң қалдырып, барынша ыңғайлы қызмет көрсету дейді орталық басшысы.

Ерасыл Төлебаев - «Сапар» орталығының директоры

Мұнда келуші кез келген азамат тегін интернет желісі мен компьютер арқылы құжат рәсімдей алады. Орталық коворкинг, кітапхана, кафетерий, 3 сувенирлік дүкен, демалу бөлмесі мен автотұрақпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, Бабалар рухы байыз тапқан шаһардың ішкі және сыртқы дизайны «Юнесконың» тікелей қолдауымен еңсе тіктеуде. Ескеретін бір жайт бар. Салынған нысандар күмбезін күн сүйген кесенеден биік болмауы тиіс. Ерасыл Төлебаев - «Сапар» орталығының директоры

«Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі. «Визит» және «Ұлы дала елі» орталығы. Тарихи қаланың туристік әлеуетін арттырған бұл нысандарға қазір  күн сайын жүздеген қонақ келеді. Таяу күндері Стамбұл, Бишкек және Ташкентке тікелей қатынайтын авиарейстер қатынамақ.

Ерасыл Төлебаев - «Сапар» орталығының директорыАйту керек. Жергілікті билік пандемияға қарамастан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне баса назар аударып, айналысына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Оның басты күмбезі мен аумағы толықтай жаңартылды. Ал, Түркістан облыс орталығы статусын иеленгелі, құрылысқа тартылған инвестиция көлемі 5 млрд. теңгеден асып жығылды.

 

Г. Қалмырзақызы                            

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...