ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАННЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

17:37, 7 маусым 2021

Түркістанда азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының ұйымдастыруымен өткен шарада 10 шаруашылық өз өнімдерін ұсынды. Тауар бағасы қолжетімді. «Алтын бұлақ» базарында өткен жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылған игі бастаманың бірі.

Жәрмеңкеде жалпы құны 116 млн теңгені құрай­тын 365 тонна өнім болды. Арыс қаласынан келген серіктестік өкілдері қой етін 1942 теңгеден саудалады. Сарығаштық шаруалар қызанақтың келісін 450 теңгеден және жұмыртқаның данасын 28 теңгеден сатты. Ал, Сайрамдықтар  жаңа піскен картопты 140 теңгеден, жаңа пиязды 76 теңгеден босатты.

Ердәулет Лаханов – «Түркістан ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры департаментінің бас менеджері

Базардағы жәрмеңкеге тұрақтандыру қорындағы ауылшаруашылық өнімдері де шығарылды.  Картоп 89, пияз 56 теңгеден, сәбіз 76 теңгеден. Қант 205, күріш 245 теңгеден. Макарон 186 теңгеден және ас тұзын 43 теңгеден тұрғындарға ұсынды. Жәрмеңкеге шығарылған барлық өнімдердің бағасы нарықтан 20-40 пайызға дейін төмен бағада сатылды. Ал, жергілікті тұрғындар арзан бағадағы тауарды тіпті, кезекке тұрып сатып алды.

Гауһар Әлжанова – Түркістан қаласының тұрғыны

Жәрмеңкеге облыстың барлық аудан-қалаларының тауарөндірушілері атсалысты. Мақсат - бағаны тұрақтандыру. Бүгінде мемлекет тарапынан көр­­се­тіліп отырған ауқымды қол­дау­лар­дың нәтижесінде, Түркі­с­тан облы­сы агроөнеркәсіп кешені инно­ва­ция­лық-индус­трия­лық даму үстін­де. Әсіресе, өңір­де азық-түлік қауіп­сіздігін қам­та­масыз ету үшін өнім­ді­лікті есе­леп арттыруға басымдық беріліп отыр.

 

Г. Қалмырзақызы                                      

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...