ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

15:58, 7 қазан 2021

Түркістан қаласының айналасында құрылған «Азық-түлік белдеуінде» екінші өнім жиналуда. «Түркістан Агро ХХI» ЖШС-нің жаңбырлатып суару технологиясымен егілген 259 га сүрлемдік жүгеріден 250 ц/га өнім алу жоспарлануда.Тақырыпты

Климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысы - Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласын жандандыруға ең қолайлы өңір екені белгілі. Осы орайда, облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында Түркістан қаласы айналасында 11 мың гектарға азық-түлік белдеуін құру жобасы жүзеге асырылуда. Негізгі бағыт, заманауи ылғал үнемдеу технологияларын қолдана отырып, бір алқаптан екі-үш өнім алу, еңбек өнімділігін еселеп арттыру болып табылады. Бүгінгі таңға азық-түлік белдеуінде 2 мың гектарға 44 бірлік жаңа технологиялық жаңбырлатып және барабанды суару қондырғылары орнатылды. Жыл соңына дейін қосымша 1 мың гектарға жаңбырлатып суару жүйелерін енгізіледі деп жоспарлануда.

Ұлан Тәжібаев – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Тиімді технология дақыл түріне қарай ағын су шығынын азайтумен қатар, өнімділікті 2-3 есеге арттырады деп күтілуде. Атап айтқанда, 2019 ж. «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-гі жер көлемі 1 210 га құрайтын 108 шаруа қожалықты біріктіріп, 733 га аумаққа АҚШ-тың «T-L» компаниясының 18 бірлік жаңбырлатып суару машиналарын орнатқан. Сонымен қатар,  26 бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникаларымен толыққан. Ағымдағы жылы мың гектардан астам аумаққа жоңышқа, жүгері және күздік бидай егілген. Күздік бидай 543 тн (10,2 ц/га), жоңышқа 640 тн (10,8 ц/га), жүгеріден 4 000 тн (130,3 ц/га) өнім алынды.

Сабыржан Атаев – Кәсіпкер

Түркістан облысында жалпы егістікті әртараптандыру оның ішінде, мал азығы дақылдары 2,6 мың га артып, 215,4 мың га құраған. Бүгінде  4,1 млн.тн мал азығы дайындалған. Бұл облыста мал басына қажеттіліктің 106,0 % қамтамасыз етпек. Жыл соңына дейін 20% артығымен мал азығы дайындалатын болады деп көзделіп отыр.

Нұрбек Бадырақов – Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы  

 

2019 жылдан бастап өңірде «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы кеңінен іске асырылуда. Өткен жылы 1999 жоба (5,2 мың га) жүзеге асырылып қосымша 18,4 млрд.тг өнімі өндірілген. Яғни 1 гектардан 2- 2,5 есеге артық өнім алынған. Ал, ағымдағы жылы 8,9 мың гектарға 2878 жоба жүзеге асырылған. Қазіргі таңда, 230 мың тн. көкөніс өнімі жиналып, жұмыстар жалғасуда. Айта кетейік, кездесу барысында Келес, Сарыағаш, Жетісай, Мақтарал, Төлеби, Шардара, Отырар аудандарының орман қорындағы жайылым жерін және «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жайылымдарын пайдалану туралы ауданаралық меморандумдар түзілді.  Бүгінгі таңда облыста 69,2 мыңға жуық агроқұрылымдар бар. Ол Республиканың 33 % құрайды.

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...