ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҰТЫНУШЫЛАР ГАЗҒА 2 МЛРД ТЕҢГЕ БЕРЕШЕК

17:16, 4 маусым 2021

Шымкент қаласы тұрғындарының көгілдір отынға деген берешегі күн санап көбейіп барады. Миллионды қаладағы 210 мыңға жуық тұтынушының 66 мыңы 2 млрд теңгеден астам қарызын қайтармай отыр. Тіпті газбен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз бірнеше рет қосылып, заңсыз әрекетке барғандар көп. «Қаз ТрансГаз Аймақ»-тың мамандары үйді-үйді аралап, тексеру жүргізді.

Тексеріп келгендер есікті ашпаған тұрғынның әрекетіне үйренісіп қалғандай. Себебі бұған дейін мамандар тұрғын үйді көгілдір отыннан 10 рет ажыратыпты. 2019 жылы ғана алғашқы және соңғы 200 мың теңге төлем жүргізген тұрғындар газды заңсыз пайдалануға көшкен. Нәтижесінде бүгінгі күні жиналған қарыз бен айыппұлдың көлемі 800 мың теңгеден асқан. 

Мұқағали Миятбек - «РЦКУ Шымкент» ЖШС директорының орынбасары

- Дебиторлық берешегі бар тұтынушылар бір рет біз дәнекерлеу жұмыстарымен өшіргенде ол кісілер қайта табиғи газды өз еркімен қосып алғаны үшін АКТ толтырылып, айыппұл салынады. Одан кейін ол кісілердің материалдарын жинақтап қайта сот оргондарына өткізіп, олардың карталарын бұғаттап, шет мемлекетке шығуына тыйым салынады.

 Ал, келесі тұтынушының да жағдайы күрделі. Бүгінгі күнге дейін 300 мың берешегі бар. Газ жүйесі тағы да ажыратылды. Төлеуден қашпаймыз деген олар құжаттардан кедергі туындағанын айтып, ақталды. Ал мамандар...

 Марат Балабаев - «РЦКУ ШЫМКЕНТ» ЖШС еңбекші ауданының басшысы

- Бұл кісілерге құжаттарын заңдастыру керек мекемеге барып. Біз бұл кісілерге бір рет өшірілім жасағанбыз.  Ол үшін штраф салынған бұл кісіге. Оның өзіне 2-3 рет қосылып жатыр газға. Ол кісі құжатын «КазТранс Газ» мекемесіне келіп, заңдастыру керек.

 Елімізде халықтың «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ алдындағы берешегі - 5 млрд 700 млн теңгені құрапты. Шымкент қаласы өңірлердің көш басына шыққан. Ал Түркістан мен Қызылорда облыстары 1 млрд теңгеден астам қарыз арқалаған.

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...