ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ТЖД СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫН

15:58, 5 наурыз 2021

Еңбекші ауданы Жыланбұзған ауылында су тасқыны орын алды деген хабар түсті. Төтенше жағдай департаменті дереу оқиға орнына 40 техника 150 ге жуық адам күшін жұмылдырды. Құтқару операциясына тиісті сала мамандары шұғыл әрекет жасады. Оқу-жаттығудың жоспары бойынша қатты жауын-шашын салдарынан Бадам өзеніндегі су деңгейі артты

Үй тұрғындарынан түскен апат дабылы бойынша Шымкент қаласы ТЖД жедел кезекшісі су басқан жерге азаматтық қорғау қызметтерін шақырды, шұғыл әрекет етудің жиынтық жасағы жедел жіберілді.  Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Шымкент қаласы полиция департаментімен өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес төтенше жағдай аймағын қоршады.   Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін су басу орнына Шымкент қаласы полиция департаменті жол-патрульдік полициясы полкінің экипаждары келді."Шымкент қаласының жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына" сәйкес "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі іске кірісті. Осылай қаланың барлық қызметтерінің жұмылдырылған күштері мен құралдарын нақты және үйлесімді жұмыстары пысықталып, тағы да кез келген төтенше жағдайларға өздерінің дайындығын көрсетті.

Төреғали Үркімбаев – Шымкент қалалық ТЖД бөлім бастығы

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...