ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

УӘЛИ ҚЫДЫР- «АДАЛДЫҚТЫҢ АҚ ТУЫН АСПАНДАТҚАН АЗАМАТ»

20:28, 15 қыркүйек 2021

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, «Ontustik» телеарнасының директоры Уәли Қыдырмен «Адалдықтың ақ туын аспандатқан азамат» атты шығармашылық кездесу өтті. Белгілі журналист танымды кеште өзінің журналистика саласына келген қадамы мен еңбек жолымен бөлісті.

Уәли Қыдыр журналистика саласындағы еңбек жолын 2000 жылдары бастаған. 20 жыл ішінде қарапайым шығарушы редактордан бастап, Республикалық жоғарғы соттың баспасөз хатшысы, «Заң» журналында бөлім редакторы, бас редактор қызметтерін атқарған. 2012-2013 жылдары «Қазақ» радиосында директордың орынбасары болып, қара шаңырақтың өркендеуіне өз үлесін қосқан. Бүгінде осы жылдар аралығында атқарған тынымсыз еңбектің арқасында ҚР Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, «Ontustik» телеарнасында басшылық қызметте.

Уәли Қыдыр - ҚР Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы

Кездесуге жиналған қауым Уәли Сағындықұлының шығармашылық жолындағы естеліктеріне қанық болды. Қаламын қару еткен қарымды журналистке көкейіндегі сұрақтарын қойып, жауап алды. Жиынға арнайы келген әріптестері де жылы лебіздері мен ыстық ықыластарын жеткізді.

Бақтияр Тайжан – «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы

Айтып өтейік, мұндай шығармашылық кештер Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында әр апта сайын ұйымдастырылып тұрады. Шараға келгендер соңғы кездері, ақын-жазушылардан бөлек, журналистика саласының майталмандарына да көңіл бөлінгені көңіл қуантады, десіп тарқасты.

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...