ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ИНФЛЯЦИЯНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

16:25, 13 қаңтар 2022

Азық-түлік бағасының өсуі – инфляцияға тікелей әсер етеді. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешуді баса айтты. Себебі осы мәселе біржақты болмайынша ешқандай шара инфляцияны тұрақтандыруға көмектеспейді. Үкімет отырысында осы бағытқа қатысты бірнеше ұсыныстар айтылды. Ақниет Балтанова тарқатады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын 180 күн бойы мемлекет өзі реттейді. Бірақ, бұл уақытша шара. Өйткені, өнім шығарушылар шығынға жұмыс істей бермейді. 

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ Ұлттық Банк әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен ғана жұмыс жүргізбей, инфляцияға өзінің елеулі үлесін қосатын басқа да тамақ өнімдері бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс деп есептейді.

 

Ұлттық валютаға деген сенімді қайтару керек. Қымбатшылықпен күрес соның бір тәсілі. Интервенция жасалады. Ал сарапшылар бұл шараның ел үшін еш зияны жоқ екенін алға тартты.

САПАРБАЙ ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ Кейбір уақыттарда теңгенің күтпеген жағдайда түсіп кететін кезі болады. Сыбыстан, тағы сол сияқты себептермен... Сол кезде ұлттық банк реттейді, өзінің алтын валюта резервін саудаға шығарады. Осыны интервенция дейді. Яғни ол кәсіпорындардың еңбегімен Қазақстанның экспортынан түскен валюталық қор емес, ол біздің банктердің жинап қойған қорын тастау. Сондықтан интервенциядан қорқудың қажеті жоқ.

Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейеді. Ұлттық Банк Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесе отырып, арнайы бұйрық қабылдады. Бұл бұйрыққа сәйкес трансшекаралық операциялардың тізімі бекітілді. Талап бұзылған жағдайда, мұндай операциялар жедел тоқтатылады.

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ (05:00-Қабылданып жатқан шаралар ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің ең үздік әлемдік практикасына негізделген және KYC қағидаттарын толыққанды енгізіледі.Бұл капиталдың трансшекаралық ағындарының барынша айқындылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алайда мұндай операциялар сыртқы нарықта адал қызмет атқарып жатқан инвесторлардың құқын шектемейді. Әрі  жұмысына кедергі келтірмейді.

АҚНИЕТ БАЛТАНОВА, ТІЛШІ

Былтыр инфляция дәлізі 8,4% болды. Енді оны кемінде 2025 жылға қарай 3-4%-ға төмендету мақсаты тұр. Бұған жоғарыда аталған үш бағыт оң ықпал етуі керек. Үкімет содан үмітті.

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...