ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ҮКІМЕТ САЯСАТЫ ӘЛ-АУҚАТТЫ АРТТЫРАДЫ

14:15, 12 қаңтар 2022

Президенттің еститін мемлекет тұжырымдамасы өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Үкіметтің экономикалық саясаты халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталады. Ашық әрі теңдестірілген принципке сай бюджет және фискалдық саясат қалыптастырылады. Салықтық-кедендік әкімшілендірудің батыл шаралары қосымша табыс көздерін қамтамасыз етеді.

Жеке секторды экономикалық өсу драйвері ретінде дамыту мақсатында бәсекелестікті арттыру арқылы шағын және орта бизнесті күшейтуге баса назар аударылмақ. Мемлекеттік қолдау шаралары тиімді және қолжетімді болады. Экономикадағы үлес бәсекелес ортаға қарай бейімделеді. Мемлекеттік активтерді басқару тәсілдері қайта қаралады. Жалпы, қаржы-экономикалық блок бойынша толыққанды пысықталған шаралар Үкіметтің жаңа бағдарламасын әзірлеу барысында басты назарға алынбақ. Елдегі кәсіпкерлер «Президенттің басты бағыттарының сөз жүзінде қалып қоймай, іс жүзінде жүзеге асуына атсалысамыз»,- деп отыр.

Нұргүл Қобланова – «Асыл әлем» қоғамдық қорының төрайымы, кәсіпкер  

Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар алдында жаңа Қазақстанды құруға бағытталған өзекті шараларды атады. Олардың ішінде министрлер, депутаттар мен әкімдердің жалақысын арттыруға мораторий жариялау, утилизациялық алымның ставкасын қайта қарау мен халыққа пайдасы тиер қоғамдық қор құру. Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасында көптен бері наразылық тудырып келген утилизациялық алымға қатысты тиісті тапсырмасын берді.

Бахтияр Тайжан – «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы

Енді егеменді еліміздің 12-ші Премьер-Министрі алдында Президент жүктеген бірқатар маңызды міндеттерді жүзеге асыру ісі тұр. Бастысы халықтың әл-ауқатын құрғақ статистика күйінде емес, шынайы көріністе жақсарту қажет. Бұл іспен енді жекеменшік кәсіпорын емес, мемлекеттік орган айналысуы тиіс. Себебі халық ақшасы жекенің қолында кетіп жатыр.
 

Г. Қалмырзақызы                   

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
13:49, 24 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Толығырақ...
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
13:46, 24 мамыр 2022
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...