
Шымкенттегі Нұр Отан ғимаратының төменгі екі қабатының сау-тамтығы қалмаған. Нысанның іші-сырты бүлінген. Өртелген. Техника мен жабдықтар қоқыс үйіндісіне айналды. Алайда бүлікшілер еш затты қолды қылмаған. Тек қирата берген. Бүгін бас қосқан этнос өкілдері елдегі келеңсіздікке қабырғасы шын қайысқанын жеткізді.
Рас, кешегі бассыздықтан соң, орта және шағын кәсіп иелерінің тірлігі тұралап қалды. Қаншама адам зардап шекті, адам шығыны орын алды. Мемлекет мүлкіне зиян келтірілді. Оның барлығы уақыт өте орынна келеді. Бірақ енді осы оқиғандан сабақ алу керек.
Икромжан Хошимжанов-Республикалық «Достық» қазақ-өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы
Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен зардап шеккен кәсіпорын иелері де жиналды. Ел басына күн туған осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас шығару керектігін қадап айтты.
Баян Жандосова-Түркістан облыстық «Әйелдер кеңесінің» төрайымы.
Соның бірі- Фиркан ЖШС-і. Сауда желісінің басшылығы келтірілген шығынның аз еместігін айтты. Ал, «ДоДО Пицца»-ның шығын көлемі жарты миллион теңге. Нысан түгелдей қиратылған. Техникалары қолды болған.
Г. Оңласбекова