ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ҰҚШҰ БІТІМГЕРЛЕРІ НЫСАН КҮЗЕТІН ҚАЗАҚ САРБАЗДАРЫНА ТАПСЫРЫП ЖАТЫР

16:28, 13 қаңтар 2022

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгер күштері Алматыдағы стратегиялық нысандардың күзетін қазақ әскерлеріне өткізіп жатыр. Қазір алып шаһарда жағдай тұрақты. Ұйым сарбаздары ертеңнен бастап өз елдеріне қайта бастайды. Жалпы Қазақстанға 5 елден 2 мыңнан аса әскери келген болатын.

 ШЕРХАН ЖАМБЫЛҰЛЫ: Алматыда бірнеше жылу электр стансасы бар. Бұл ең үлкені. Стратегиялық нысан. Стансаның жұмысы тоқтап қалса қаланың 70 пайызы қаңтардың суығында жылусыз қалуы мүмкін еді. Сол себепті мұндағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскері жұмылдырылды.

Мұндағы тыныштықты 6-қаңтардан бері қырғыз елінің “Шаян” атты арнайы жасағы күзетіп отыр. Бұл айыр қалпақты елдің элиталы солдаттары. Олар нысан аумағындағы бақылауды күндіз-түні қадағалап, өткізу бекеттеріндегі тексерісті күшейткен. Ағайын елдің сарбаздарын жергілікті жұмысшылар да жылы қабылдаған.

ҚЫРҒЫЗ ЖАСАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бұл жердің басшылары да ТЭЦ-тің бізге әбден жәрдем берішті. Біздің требовониямыздың бәрін орындады

Жаппай тәртіпсіздіктер стансадан бір шақырым жерде болды. Бүлікшілер көліктерді өртеп, жол бойындағы нысандарды бүлдіріп, қызметкерлердің жұмысқа келуіне кедергі болған.

Жан-жағымызда атылып жатқан оқты естідік. Мөңке би көшесінде постты өртеп жіберді.

Бүгін қырғыз сарбаздарының Алматыдағы соңғы жұмыс күні. Олар нысан күзетін қазақ әскерлеріне өткізді. Ертең елдеріне қайтпақ.

Ал беларусь бітімгерлері Жетігендегі аэродромды күзетіп тұр. Ұжымдық күштер әскерлерінің ұшақтары осы жерге қонған болатын. Аумақты Витебсктің 103-бригадасы қадағалауға алған.

СЕРГЕЙ АНДРЕЕВ /БЕЛАРУСЬ БІТІМГІРШІЛІК КОНТИНГЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ

Қазақ тарапы кең құшақ жайып қарсы алды. Бұл блокпостта қазір қазақ әскерлерімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Негізгі жұмысты жергілікті күш құрылымдары атқарады. Біз тек олардың артқы шебін қорғап тұрамыз.///

Жалпы Беларусь елінен Қазақстанға 200 сарбаз келді. Олар да барлық бітімгерлер секілді тек нысандарды күзетумен айналысты. Қару-жарақты тек қорғаныс мақсатында ғана қолдануға рұқсат. Ертең олардың алғашқы легі отандарына оралады.

 

Ш. Жамбылұлы, Бахтияр Омар Ұлттық арна Алматыдан

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...