ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ЖАҢҒЫРТУ – САЛТ-ДӘСТҮРДЕН БАСТАУ АЛАДЫ

14:55, 9 сәуір 2021

Салт – дәстүрде – Ақ отау! Шымкентте дәл осы тақырыпта киіз үй тігуден шеберлік сағаты өтті. Ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға қала тұрғындары мен ЖОО және колледж студенттері қатысты. Қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мұрындық болған кезекті іс-шара жайында келесі бенематериалда.

Сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды, салт –дәстүрімізді  өскелең ұрпақтың бойына сіңіру бүгінгі күннің басты талабы. Ал, ақ отауды тігу салт-дәстүрдің  бір бөлшегі болып саналады.  Киіз үй құрау екінің бірінің қолынан келе бермейтін текті өнер. Шарапатын сезіне , салт-дәстүрді ұғына құраған жағдайда алар әсер де ерекше болмақ. Берік Садықов 50 жасқа келіп алғаш рет киіз үйдің уығын қолына алып тұр. «Алған әсерім ерекше»,- дейді ел ағасы.

Берік  Садықов  –  Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тәрбие және әлеуметтік  істер жөніндегі проректоры

Өмірімде алғаш рет киіз үй тігуге атсалысып жатырмын. Бұл деген әсер күшті. Бұған дейін шынымызды айтайын уықтарды, шаңырақты көтерудің дәстүр екенін білемін. Алайда сәті түспеген еді. Мына Бір керметтей сәт болып тұр. Шымкент қалалық сал  дәстүр орталығы ұйымдастырған іс- шарада студенттерімізді алып келіп рухани жаңғыруға бір үлесімізді қосып жатырмыз деп ойлаймын

Киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы,қара шаңырағы . Шыққан тарихын, әр бөлшек, әр уықтың маңызын  алқалы жиынға келген ел ағалары ұғындырды. 12 қанатты киіз үйді құрауға жиырмаға жуық жастар жұмылдырылды.

Сұлтан Срайлов – Шымкент қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының  директоры

Шаңырақ көтеретін кезінде үндемей тұрып көтерген,  неге? Өйткені шаңырақтың берекесі мен тыныштығын сол шаңырақ құрған сәтте бәрі тілеген. Әсіресе мынау жас жұбайларға киіз үйді құрар кезде ең жақын тілеулес адамдарды ғана уық шаншуға шақырған.

Өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында отаншылдық қасиеті қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет. Мұндай келер ұрпаққа берері  мол іс-шаралар келешегі жалғасын табады дейді орталық  басшысы.

 

А.Аманхан                                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар