
Ұлттық құндылығымызды жаңғыртатын мереке енді 10 күн тойланады. Әрі он түрлі атаумен ерекшеленеді. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Жобада Наурыз мерексін атап өтуге қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында яғни 10 күн өткізілетіні айтылған. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері келесідей болмақ.
14 наурыз – Көрісу күні
15 наурыз – Жайлау күні
16 наурыз – Шежіре күні
17 наурыз – Тарихқа тағзым күні
18 наурыз – Игі істер күні
19 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні
20 наурыз – Зияткерлік күні
21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні
23 наурыз – Жоралғы күні
АВТ. ДИДАР.