ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

«ҮМІТ СӘУЛЕСІ - 2021»

16:55, 16 қыркүйек 2021

«Үміт сәулесі - 2021». Дәл осы атаумен Шымкенттегі 5 бірдей түзеу мекемелері арасында көрме өткізілді. Көрмеге сотталған азаматтардың қолдарынан шыққан туындылар қойылды. Арасында, нәзік жандылардың қолдарынан шыққан тың туындылар да бар. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

42 жастағы сотталушы Ғалымжан Асқаровтың тар қапастағы күндері дәл осы ағаш цехында өтуде. Білмегенін үйреніп, білгенін өзгелермен бөлісіп жүрген жазасын өтеуші, бостандықта бастаған ісімді түрмеде жалғастырамын деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті, дейді. Ағаш шеберінің қолынан шыққан  астау, кесе, саба мен орындықтар бүгінгі көрмеге келушілердің назарын бірден өзіне аударды.

Ғалымжан Асқаров  - жазасын өтеуші

Көрмеге қойылған туындылардың басым дені бостандықты аңсап салынған суреттер. Ал, ағаштан ойылып, темірден түйілген бұйымдарға қарап, өз ісінің шебері жасағанба, дерсіз. Оларды ҚАЖД мамандары бағалап, үздік шыққандарын комитеттің көрмесіне алып баратындарын айтып қалды. Ал, қалған заттар балалар үйінің тәрбиеленушілерін қуанту үшін жіберіледі екен.

Нұрлыбек Сандыбаев - ИЧ 167/3 түзеу мекемесі бастығының орынбасары

Сотталған азаматтардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында, қаладағы  түзеу мекемелерінде қолөнер және шығармашылық секциялары тұрақты түрде  жұмыс жасап келеді. Бүгінде ИЧ 167/3 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 200 жуық азамат мата пішіп, ағаштан ою ойып, темірден түйін түюде. Өмірде шалыс басқан жандардың бұл жұмыстар алдағы өміріне азық болары сөзсіз, дейді мекеме бастығының орынбасары Нұрлыбек Сандыбаев.

 

Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
15:49, 26 қазан 2021
ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ...
Толығырақ...
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
15:48, 26 қазан 2021
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15:47, 26 қазан 2021
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
12:24, 25 қазан 2021
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...