
Шымкентте 2021 жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Сәбилер Нұрсат ықшамауданындағы қалалық перинаталдық орталықта туылды. Қазір балалар мен анасының жағдайы қалыпты. Олар дәрігердің рұқсатымен өз үйлеріне қайтты.
28 жастағы Айткүл Нарбекова біраз жылдан бері ұрпақ сүюді аңсап жүрген. Арманы орындалып, өмірге бірден шекесі торсықтай үш ұлды әкелді.Бұл сәбилер – биылғы жылдың алғашқы үшемдері. Жыл басынан бері қалада 3753 нәресте дүниеге келсе, олардың басым бөлігі ұлдар екен.
Айткүл Нарбекова –үшемнің анасы
Айта кетейік, туған сәтте үшемдердің салмағы тіпті екі келіге де жетпеген екен. Қазіргі күні Бекасыл, Ерасыл, Жанасыл есімді балақайлар салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарды,-дейді дәрігер.
Миродил Миркурбанов – дәрігер-неонатолог
Мерзімінен ерте туылған үшемдер екі аптаға жуық қалалық перинаталдық орталықтағы мамандардың бақылауында болды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен дәрігерлер жаңа туған нәрестелерге сыйлық табыстап, перзентханадан салтанатпен шығарып салды.
НазкенСкандар