ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҮШІНШІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚО АШЫЛДЫ

19:52, 15 қараша 2019

Шымкентте көлік жүргізушілер үшін үшінші мамандандырылған ХҚО ашылды. Енді көлік иелері Бекжан сауда орталығынан өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәліктерін ауыстыра алады. Салтанатты рәсімге ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков, белгілі кәсіпкер Әмірхан Шүменов қатысты.

Дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін жаңа орталықта 40 инспектор жұмыс істейді. Орталық толықтай жаңа жиһазбен жабдықталған, ал көлік тұрағында екі мыңнан астам автокөлікке орын қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус қойылған, шақыру түймесі жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚО мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде, яғни жалға алу шығынынсыз жұмыс істейді. Филиал коммуналдық қызметтердің ақысын ғана төлейді.Естеріңізге сала кетейік, жаңа ХҚО – Шымкент қаласындағы 10-фронт-офис. Бұған дейін қалада 11 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеген, оның ішінде көші-қон ХҚО мен екі мамандандырылған ХҚО бар.

Қасым Аманжолов – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары

Нұрсұлтан   Әбдірашит                

 

Тақырып бойынша материалдар

НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ  ЖҮРГІЗІЛДІ
17:45, 17 маусым 2021
НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІ...
Толығырақ...
«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ ӨТУДЕ
17:44, 17 маусым 2021
«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨКПЕСІНІҢ 98 ПАЙЫЗЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ АУРУХАНАДАН    ШЫҚТЫ
17:15, 11 маусым 2021
ӨКПЕСІНІҢ 98 ПАЙЫЗЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ АУРУХАНАДАН ШЫ...
Толығырақ...
ТАУАРДЫҢ КЕДЕНДІК ҚҰНЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?
17:16, 11 маусым 2021
ТАУАРДЫҢ КЕДЕНДІК ҚҰНЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?
Толығырақ...