ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

15:55, 7 қазан 2021

Отырарда ұрпақ болашағы үшін тер төккен ұлғатты ұстаздарға құрмет көрсетілді. Қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін мұғалімдер мерекесіне орай ұлылар мекенінде бірқатар білікті оқытушылар аудан әкімі мен білім ғылым министрінің және түрлі ұйымдардың алғыс хаттарымен наградталды. Сондай-ақ, аталмыш мереке қарсаңында ауданда бақилық болған ұстаз құрметіне арнайы сынып ашылды.

Отырар ауданында жалпы саны 40 мектеп бар. Ондағы 12 мыңнан жуық 2027 ұстаз білім береді. Биылғы мереке қарсаңында сол оқытушылардың арасынан шәкірттері үздік көрсеткіш көрсеткен бірнеше мұғалім марапат биігінен көрінді. Сонымен атар, ұстаздар арасындағы республикалық білім бәсекелерінде топ жарған ұстаздар да құрметке бөленді.

Отырар ауданында білім саласының қызметкерлері ерекше құрметтейтін ұстаздың бірі Сәрсенұлы Сапарбек. Талай талапты ұлдың талабына қанат бітірген ұстаз еңбегі ерен. Өкінішке орай өткен жылы бақилық болды. Бірақ саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге сарп еткен жанның еңбегін шәкірттері мен әріптестері ешқашан ұмытпайды. Ерен еңбектің өтеуі ретінде аудан орталығында Сапарбек ұстаз түлеп ұшқан Шәмші Қалдаяқов мектеп –гимназиясында арнайы сынып ашылды.

Ұстаз құрметіне орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары мен ардагер ұстаздар және оқушылар қатысты. Жиынға келген алдаымен Сапарбек Еркөбек өмірінен сыр шертетін көрмені тамашалады. Одан кейін аға буын оқытушы еңбегі жайлы сөз қозғады.

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...