ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ

17:08, 23 ақпан 2021

Ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістандағы №3-ші облыстық олимпиадалық спорт мектебіде үстел теннисінен ашық біріншілік басталды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа спорт ардагерлері мен үздік саңлақтар қатысты.

АСХАТ МЫРЗАХМЕТОВ - ТІЛШІ

Қазіргі таңда Түркістан облысында ұйымдастырылып жатқан барлық спорттық іс- шаралар Қазақстан Тəуелсіздігінің 30 жылдығына арналуда.Түркістан облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев дербес еліміздің діңгегі болған егеменді ел болу əсіресе, спортшы ұл-қыздарымыз үшін өте маңызды екендігін айтады. Шадияр Қондыбаев жетекшілік ететін облыстық №3-ші олимпиадалық спорт мектебінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен өткен байрақты бәсекеге кіл үздіктер қатысты. Үстел теннисінен Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт ардагері Үмбет Жүсіпбаев азаттықтың жас ұрпақ үшін тарихи жағынан үлкен мəні бар екенін айта келе жарыстың маңыздылығына тоқталды.

ҮМБЕТ ЖҮСІПБАЕВ - СПОРТ АРДАГЕРІ

Жалпы алғанда бұл сайысқа облыс бойынша 7 ауданнан 150-ге тарта спортшы қатысып, өзара бақтарын сынауда. Төлеби, Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас аудандары мен Шымкент, Түркістан, Кентау, Жетісай қалаларының талантты спортшылары үстел тнннисінен бас жүлдені сарапқа салады.

НАЗЫР РАМАЗАН  -  ҮЗДІК СПОРТШЫ

Жарысты ұйымдастырушылар бұл спорт түрі үстел теннисін кез-келген отбасыда, мектепте жастар айналысуға қолжетімді екенін айтады. Адамнан жүйрік ой мен шапшаңдықты талап етітін бұл спорт өңірімізде қарқынды дамуда.

 

Асхат Мырзахметов            

Тақырып бойынша материалдар

ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
18:54, 2 наурыз 2021
ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
14:59, 26 ақпан 2021
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ :  ҚАЗАҚ   ХАЛҚЫНА  МЫҢ  АЛҒЫС !
15:06, 26 ақпан 2021
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ : ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС !
Толығырақ...