ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖОЛЫ – ВАКЦИНАЦИЯ

16:45, 9 сәуір 2021

Енді қаламыздың 18 жастан асқан кез келген тұрғыны өзінің тұрғылықты жері бойынша емханасына барып, вакцина салдыруына болады. Шаһардағы 37 егу пунктінде екпе саны жеткілікті. Күні кеше «Спутник V» вакцинасының 30 000 дозасы жеткізілген болатын. Бүгінге дейін 13 мың 87 Шымкенттікке екпе егілген. Олардың арасында теріс реакция байқалып, денсаулығына кері әсерін тигізгендер қатары жоқ.

Айтып өтейік, қаламызда жыл басынан бері ковид-19 инфекциясының 1 872 жағдайы тіркелсе, соңғы тәулікте 72 адам вирус жұқтырған. Өкінішке орай, індет күннен күнге өршіп барады. Ал, оны жеңудің жалғыз жолы – вакцинация, -дейді мамандар. Тұрғындардың ерікті түрде вакцина салдыруына емханаларда барлық жағдай жасалып отыр. Шымкентте орналасқан 37 екпе егу пунктері мен кабинеттер қажетті жабдықтармен қамтылған.

Бақытжан Позилов – Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

 

Перизат Ортай                                           

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...