ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ВОЛЕЙБОЛДАН ӨҢІРЛІК АШЫҚ ТУРНИР

13:18, 22 қараша 2021

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда,волейболдан өңірлік ашық турнир өтті. Сайысқа мықты деген 8 команда қатысып жеңімпазды анықтады. Ақтық сында Түркістан облысының «Қарабұлақ» командасымен шымкенттің СКИФ-Қажымұқан командасы кездесіп «Қарабұлақ» волейболшылары бас жүлдені иеленді.

Өңірлік турнир волейбол алаңында жасындай жарқылдап жүрген асыл жандар, волейболдан облыс намысын қорғап Президент жүлдесіне арналған жарыста жаңіске жеткен  Азамат Құттыбаев пен Қаныш Патсаевтарды еске алуға арналды.Талантты волейболшылардың бірі кезінде Созақтан,ал бірі Бәйдібек ауданында тәрбиеленіп шығып республика аумағына танылды.Азамат Құттыбаев кейіннен шәкірт тәрбиелеп аталмыш спорт түрін дамытуға елеулі үлес қосты. Ал Қаныш Бектұрсынұлы облыстық олимпиада мектебі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып жоғары нәтиже көрсеткен болатын.

Анарбек Орман - Өңірлік Волейбол Қауымдастығының  Төрағасы

Волейболмен айналысушылар қатары күн санап өсіп келеді. Бұл спорт түрі облыс аумағында қарқынды дамуда. Турнирге арнайы қонақ болып келген Азаматтың анасы жетпістен асқан Жайна Иманқұлова апамыз бұл жарысқа, баласына жанкүйер болуға келгендей күй кешкенін жеткізді.

Жания Иманқұлова - Азаматтың анасы

Аса тартыспен өткен сайыс қорытындысы бойынша мықты деген Түркістан облысының «Қарабұлақ»командасы мен Шымкенттің СКИФ-Қажымұқан волейболшылары кездесіп Қарабұлақ командасының асығы алшысынан түсті. Жүлделі орындарды Сайрам мен Түлкібас аудандары өзара бөлісті. Бұдан өзге жарыс барысында үздік атанғандар, арнайы сыйлықтармен марапатталды.Енді бұл турнир дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп тұратын шараға айналады, -деді ұйымдастырушылар.

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...