ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЫЗА СУ БӨГЕТТЕЛІП СОР КӨТЕРІЛГЕН

13:39, 6 мамыр 2021

Егістік алқаптың соры көтеріліп жер жарамсыздануда. Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округінің шаруалары осы мәселені алға тартып отыр. Оған себеп ыза су қашатын К-1 магистралды коллектордың бөгеттелінуі көрінеді. Бұл мәселенің мән-жайын арна тілшісі Кенжехан Дүйсенбі аңдап көрді.

К-1 магистралы  өткен ғасырда қазылған канал. Нысаналы мақсаты мақта алқабынан шыққан шайынды суды айдауға арналған. Ал бүгінде қашыртқы каналдың бел ортасында бөгет тұр. Ыза су арнасынан асып жан жағындағы алқаптың тұзын көтеріп жатыр. Тұрғындардың айтуынша заңсыз бөгетті  жергілікті кәсіпкер Қалдаш Сағынбаев деген азамат жасап алған. Ол  өз алқабына су шығару үшін өзгелердің жерін жарамсыз күйге түсіруде.

Ержан Тоқманбетов – Ордабасы ауданының тұрғыны

Жаңа өздеріңіз көріп өткендей жолдың жағасына ыза су шығып машине келе елмай қалды. Арғы жақтан ыза судың жолы жабық жер сорланбағанда не болады. Адам түгілі жағаға малда батып жатыр. Айқай болды шу болды қайтадан осындай жағдай болды.

Бұл магистрал «Қазсушар» мекемесіне тиісті екен. Ондағы заңсыз бөгет мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Өткен жылы сала мамандары тоғанды бұздырып та кеткен. Десекте заңсыздық тағыда қайталануда.

Асқар Қыстаубаев – «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы директорының орынбасары

Бөгетті бүгін барып көреміз. Сол жердегі халықпен кездесеміз. Заңсыз болса тиісті шара қолданамыз. Халық сарқынды су болсада пайдаланып қалғысы келеді.

Түркістан облысында ағын су тапшылығы жыл сайын артып келеді. Соңғы жылдары суды аз талап ететін өсімдіктерді өсіру мәселесі жиі көтерілуде. Тамшылатып, жаңбырлатып суғару технологиясының кеңінен насихатталуыныңда себебі осы. Шаруалар ыза судыда пайдаланып қалғысы келеді. Бірақта бас пайда өзгеге зиянын келтірмесе игі. 

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...