ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЗАМАНАУИ АТШАБАР – ҚАЛА КӨРКІ

15:01, 20 қаңтар 2021

«Ескіні жамағанның есі кетеді». Одан да орнына жаңасын тұрғызған жөн. Шымкенттік зиялылар жаңа атшабардың құрылысы жайында осындай пікірде. Қоғам қайраткері Әбілқасым Досболовтың айтуынша, ипподромның қазіргі орналасқан жері қалалықтар үшін де қолайсыз.

Осыдан 40 жыл бұрын құрылыстың алды болған кешен бүгінде ескірген. Ал, жаңару – заман талабы, - дейді Әбілқасым Досболов. Сонымен қатар, миллионды мегаполис үшін қала қасбетінің маңыздылығы тағы бар. Қазіргі атшабарда сайгүліктерге сай жағдай жасалмаған. Оқу-жаттығуларын өткізуге де кедергі көп. Сондай-ақ, халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға қолайсыз екендігін айтады.

Әбілқасым Досболов – Қоғам қайраткері

 

Жаңа ипподромның мекен-жайы – оң таңдау, - дейді ол. Нысанда аттардың қауіпсіздігі жіті назарға алынады деп күтілуде. Онда қоралар, жабық манеж және ветеринариялық-профилактикалық бекет бой көтереді. Бұдан бөлек, жылқылардың азығы сақталатын қоймамен автотұрақ салынбақ. Бұған дейін тұрғындар мен сайысқа қатысушылар шаң жұтып, ашық аспан астында отыратын. Енді ол жабық кешен болады. 

 

Әбілқасым Досболов – Қоғам қайраткері

 

Бүгінде заманауи атшабардың құрылысын қолдайтындар қатары көп. Ал, кешен бой көтеріп, жұмысын бастаған соң, бағасын халық берер.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...