ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ЗАҢҒАР ЗАҢГЕР РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

13:29, 24 мамыр 2022

Референдум – демокартиялық жүйенің бір көрінісі. Халықтың таңдауы, қоғамның пікірі ескеріледі. Тарихқа көз жүгіртсек, жалпыхалықтық референдум осыған дейін елімізде екі рет өтті. Екеуі де 1995 жылы. Біріншісі Ата заңды қабылдау болса, екіншісі сол кездегі Президенттің өкілеттігін ұзарту болатын. Ал, еліміздің Құрметті судьясы, қоғам қайраткері Бекет Тұрғараевтың референдум өткізуге көзқарасы қалай? Алдағы сюжеттен білейік.

1995 жылғы Конституцияны жасауға Жоғарғы кеңес қатысқан жоқ. Себебі дәл осы кезде бір палаталы орган тарап кеткен. Жаңа заңды 7 млн-нан астам қазақстандық қолдап, дауыс берді. Құжатқа сәйкес, еліміз президенттік республикаға айналды. Екі палаталы Парламент – Сенат пен Мәжіліс құрылды. Конституциялық және Арбитраж сот жұмысын тоқтатты. Елде тек Жоғарғы сот қалды. Сонымен қатар, Вице-Президент қызметі жойылды. Ал, бұл жолғы өзгерістерге заң саласының жілігін шағып, майын ішкен байырғы судьяның пікірі мынадай. 

Ширек ғасырда Ата заң 5 рет өзгерді. Бұл жолғы өзгерістің басты қағидаты:  Күшті президент. Ықпалды Парламент және есеп беретін үкімет. Алайда, Құрметті судьяның айтуынша, бірінші, екінші Республика деп бөле жару дұрыс емес.

Ата заңды өзгертуге байланысты жоспар жүзеге асса, Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі. 2 бөлімнің атауы өзгереді. Ең негізгілері: Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейеді. Конституциялық сот құрылады.Осылайша, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі нығаяды. Алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАН ЗАҢ ТАЛАБЫН БҰЗҒАН
17:50, 12 тамыз 2022
ШЫМКЕНТТЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАН ЗАҢ ТАЛАБЫН БҰЗҒАН
Толығырақ...
ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПАРАҚОРЛЫҚТАН САҚТАНДЫРАДЫ
17:47, 12 тамыз 2022
ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПАРАҚОРЛЫҚТАН САҚТАНДЫРАДЫ
Толығырақ...
ЕРІКТІЛЕР ЕРКІН ФОРМАТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
17:43, 12 тамыз 2022
ЕРІКТІЛЕР ЕРКІН ФОРМАТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
17:32, 8 тамыз 2022
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
Толығырақ...
2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:07, 9 тамыз 2022
2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...
САРЫАҒАШТЫҚ  ДИХАНДАР БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДА
13:42, 9 тамыз 2022
САРЫАҒАШТЫҚ ДИХАНДАР БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДА
Толығырақ...