
15 қаңтар күні Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің 4 қызметкерінен тұратын шұғыл тобы Бәйдібек ауданы, Байқалмақ шатқалында рейдтік іс-шара жүргізген. Шара барысында паркке тиесілі кордон -үйшікте 7 азаматтың заңсыз кіріп отырғанын анықтаған.
Тексеру кезінде 6 мылтық, 100 оқ (оның 37-сі ойық ұңғылы - нарезной). Қалғаны тегіс ұңғылы- гладкоствольный оқ. Құжаттарды тексере келе 6 мылтықтың біреуі ғана рәсімделген болып шыққан. Қалған қару иелері ешқандай рұқсат қағаздарын көрсете алмаған. Қуанышқа орай, аңшылар ешқандай аң атып үлгермеген. Мемлекеттік парк кордонына кірген азаматтардың бірі Боралдай филиалының қызметкері болып шыққан. Барлық қару-жарақ пен оқдәрілер тәркіленіп, Бәйдібек аудандық ІІБ өткізілді. Қазіргі таңда рұқсатсыз қаруланған азаматтардың үстінен әкімшілік және қылмыстық істер қозғалды.