
Заңсыз ойынханаларға қатаң тиым. Шымкентте көлеңкелі кәсіпті көркейтіп табыс тапқандарға тексеру күшейеді. Осыған байланысты Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жоспарын пысықтады
2020-шы жылы Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен заңсыз ойын бизнесі бағыты бойынша 22 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде шұғыл жолмен 16 іс, арыз негізінде 4 іс, басқа органнан келіп түскен 1 іс қозғалған. Жалпы 22 ойын залы жабылған, ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Бегзат Ахметов – Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі
Құмар ойын тәуелділіктің аналогы. Зиянды жағымсыздықтың түрі. Бұл ауру медицина тілінде удамания деп аталады.
Елімізде Қапшағай, Бурабай қалаларында ғана казино ойын автоматтарына рұқсат берілген. Басқа өңірлерде татолизатор, бухмейкерлік кеңселер орналастыруға тиым салынған. Десекте жаңбырдан кейінгі қозықұйрықтай қаптап, жеңіл ақша тапқысы келгендер көлеңкелі кәсібін тоқтатар емес. Оларға заңның қаталдығы да тосқауыл емес.Заңсыз ойын жүргізгендер айыппұлмен шектелмейді. Тіпті 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Жұпар Мамутова – Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің уәкілі
ҚР ҚК 307-ші бабымен анықталған деректер сотқа дейінгі тергеу ісіне тіркеледі.
К. Дүйсенбі