ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРДІҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ ТӨЛЕУШІЛЕР ҚАТАРЫ АРТУДА

11:27, 10 маусым 2021

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бүгінде еліміздің барлық саласын толықтай дерлік қамтыды. Бұл жүйе тұрғын үй бағытында да кеңінен қолданылып келеді. Қазіргі таңда арнайы жалдамалы баспанамен қамтылған пәтер иелері үшін ай сайынғы пәтерақыны «Қазпошта» немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған.

ЭСтатистикалық мәліметтерге сүйенсек,  соңғы жылдары Шымкент қаласында  жалдамалы баспананың пәтер ақысын Kaspi қосымшасы арқылы төлем жасайтындар қатары едәуір артқан. Пәтер иелеріне ешқайда бармай-ақ «каspі.kz» мобильді қосымшасын жүктей отырып, төлем сервисіне кіру арқылы тиісті ақпаратты енгізіп, төлем жасау әлдеқайда тиімді болып отыр. 

Қалада мұндай төлемді енгізуге міндеттілер саны- 6456. Жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны  үшін пәтер иелеріне әр айдың 5-не дейін төлем төленбеген жағдайда өсімпұл жүріп отырады. 

Хабарламалық ескерту хат жолданғаннан кейін де тұрғындар тарапынан төлем жасау әрекеті  болмаған жағдайда пәтер иелерінің банктік шоттарына  бұғаттау қою туралы құжаттар тиісті мекемелерге жолданып, сотқа шағымдану арқылы пәтерді босату жөнінде талап арыз түсірілетіндігі хабарланады.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...