ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК БАСЫМДЫҚТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

17:08, 21 қазан 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Бейнеконференциялық байланыс арқылы онлайн форматта өткен мәжіліске қала әкімі, қалалық ассамблея төрағасы Мұрат Әйтенов қатысты. Жиын барысында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласында Түркістан облысында атқарылған жұмыстар, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қызмет тәжірибесі баяндалды.

Жиында білім беру, ақпараттық саясат жүргізу, ашық қоғам құру, балалар спорты мен шығармашылығын дамыту, көпбалалы аналарды әлеуметтендіру, телеарналарда отандық анимациялық өнімдер үлесін арттыру, мәселелері жөнінде ұсыныстар айтылып, қолдау тапты.   Қала халқының 30 пайыздан астамын этнос өкілдері құрайды. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет ететіп, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Ассамблеяға жүктелген міндеттер шеңберінде қалалық және аудандық деңгейлерде Қоғамдық келісім және Аналар кеңестері, Медиация кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Журналистер мен блогерлер клубы, Жастар қоғалысы, барлығы 8 қоғамдық құрылым қызмет етеді. Қалалық ассамблея тарапынан жыл басынан бері 87 іс-шара ұйымдастырылған. Эпидемиологиялық ахуал ескеріліп, бұл іс-шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өтті. Республикалық Ассамблея Кеңесінің отырысын Мемлекет басшысы қорытындылап, мемлекеттік этносаралық саясатты ілгерілету, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын одан әрі нығайту жөнінде бірқатар маңызды міндеттерді белгіледі. Саланы жетілдіруге бағытталған бұл тапсырмалар қалалық ассамблея мүшелерінің алдағы жұмыс басымдығы болып айқындалды.

 

Г. Қалмырзақызы                                      

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...